Мәселе

Елордада бүтін бір ықшамауданның газ құбыры қатып қалған

  • https://regnum.ru/

    https://regnum.ru/

Нұр-Сұлтанда бүтін бір ықшамаудан қақаған суықта жылусыз қалды. Қыруар қаржы төлеп жүргізген газ құбыры суықта қатып қалған. Жұрт бірнеше рет жайын айтып әкімдік алдына барғанмен, жағдай оңалар емес. Жедел көмекке келетін мамандардан да қайран болмапты.

 

Өйткені құрал-сайманы жоқ олар қол қусырып қана кетеді екен.

 

Сарыарқа ауданына қарасты Көктал ауылы тұрғындарының дәл қазіргі жағдайы тұтана алмаған газ секілді. Шарасыз күйде. Жылуысыз баспанада бүрсеңдеп отыр. Көгілдір отын болмаған соң уақтылы ас-суын әзірлеп іше алмайды. Жыл басында газ құбырын тартқанда бөркін аспанға атқан тұрғындардың қуанышы ұзаққа бармапты. Миллион теңге төлеп тартқан газ өшіп қала береді.

 

Нұрмұхан Нығманов, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

 

- Салқын күндері осылай қатып қалады. Ана жолы бір рет күздің басында профилактика деген, оған көндік. Солтүстіктің аязын білесіңдер 40 градус, 40-тан да асады. Бара-бара онда не боламыз? Балалар бар, кішкентай немерелер бар, барлығы дірілдеп отыр.

 

Ал жөндеу жұмысына жауапты мамандар қоңырауды көңіл-күйіне қарай қабылдайды екен. Кейде тіпті байланысу мүмкін емес. Келген күннің өзінде өз шаруасын білмейді деп күйінеді тұрғындар.

 

Светлана Бисембекова, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

 

- Білмейді-ау деймін осы. Өзінің шаруасын білмейді. Жәй кішкентай балалар түсінбейсің. Тросс дейді, тростары да жоқ.  Сосын өздері де тоңып, жаурап. Өздері де не істерін білмейді.

 

Ауыл тұрғынының тросс дегені құбыр тазалайтын құрал. Газ құбыры жердің астымен өткендіктен, оның бойында жерасты суы болады. Күн суытқанда құбырдың бойындағы су қатып, газдың жолын бітеп тастайды екен. Құбыр қатпас үшін тұрғындар орап қоймақ болғанда әкімдіктегілер қауіпсіздік ережесін бұзасыңдар деп рұқсат бермепті. 

 

Газ жетті деген аты ғана болмаса, тұрғындар әлі күнге дейін отын жағып отыруға мәжбүр. Көмір болса ғана.

 

Ал қысқа қамданып үлгермегендердің жағдайы тіпті қиын. Әкімдік  өздерінің  шала дайындығын білгендей,  «пештеріңді алып тастамаңдар» деп ескертіпті. Ал өздері қыстың қамын жазда ойлау керектігінен бейхабар секілді. Тұрғындар тоңып секіргенде ғана іске көшіпті.

 

Әзір газдан үміт күтпеңдер дегендей үй-үйге тегін көмір таратып бастады. Ал күн сайын қататын газ құбырының шаруасын шешуге әзір екен.  

 

Еркін Құрман, Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары:

 

- Газ құбырларының аузына арнайы сүзгі орнатамыз. Ол жерасты суын құбырға жібермей ұстап қалып, шығарып тастайды. Осылайша құбырды мұз қатудан сақтаймыз. Сондай-ақ қосымша үріп тазалау жұмыстары да жүргізіледі.

 

Шендінің жауабын тыңдағанда бүгін-ертең іс бітетіндей көрінеді. Бірақ тұрғындар жұмсақ сөз, жылы жауапты емес, нақты іс-әрекетті қалайды. Әйтпесе газ жетті деп қуанған 1000-ға жуық отбасы өлместің күйін кешкісі келмейді.

 

Осылайша жаураған тұрғындармен бірге Көкталдың жоғын жоқтап жүргенде көк түтінге тап болдық. Тұрғындардың газ мәселесін айтып боламыз дегенше көз алдымызда Қарасу көшесіндегі №11 үйден өрт шықты.

 

Осы маңдағы көршілердің айтуы бойынша бұл үйде қос қария ғана тұрады екен. Әзірге өрттің себебі анықталып жатыр. Шамасы газды дұрыс жақпаудан болған секілді. Қою түтін лезде көшені толтырды. Айналадағы адамдар аяқасты абыр-сабырдан не болғанын түсінбей қалды. Абырой болғанда өрт сөндіру машинасы кешікпей жетті.

 

 

 

ktk.kz




Көрілген: 697    Пікірлер: 0

сенбі, 20.11.2021, 09:11

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31