Мәселе

Елордада егде жастағы әйел үш баланы ұрып тастады (видео)

  • https://astanatv.kz/

    https://astanatv.kz/

Елордада егде жастағы әйел, аулада ойнап жүрген үш баланы ұрып тастады.

 

Оқиға тұрғын үйдің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ересек адам балаларды бірінен соң бірін соққыға жыққаны видеода анық көрінген. Олар әжейдің әрекетіне тосырқап қалғандары да байқалады.

 

Құқық қорғау органдарына таяқ жеген баланың анасы арызданыпты.

 

Қалалық полиция департаменті 63 жастағы қала тұрғынын анықтаған.

 

Келеңсіздікке әжейдің өз немересі мен басқа балалардың арасындағы төбелес себеп болғанын айтты.

 

Эльмира ШАУЛЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 

- Қазірде бұл әйел азаматпен профилактикалық жұмыс жүргізілді. Сот &ndashмедициналық сараптама тағайындалып, оның нәтижесі бойынша әйел адамға қатысты шешім қабылданатын болады.

 

Кәмелетке толмаған жасөспірімдерді аяусыз соққыға жыққан тұрғын тәртіп сақшыларына «өзін ұстай алмадым» деп түсіндірген.

 

Қария 6 жастағы немересін ауладағы үлкен балалардың ұрғанын білгенде ашуын тежей алмағанын айтқан.

 

Енді оған қандай жаза болатыны белгісіз.

 

Полиция арнайы сараптамадан соң, шешім қабылданады деді.

 

 

 

 

astanatv.kz




Көрілген: 736    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.02.2021, 22:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28