Елордада ең үздік жас отбасы анықталды

25 қазан 2020, 20:54

Бүгін Қазақ ұлттық өнер университетінде «Үздік жас отбасы» байқауының финалы өтті.

 

Бұл байқауға биыл 100-ге жуық жас отбасылар қатысты. Қатысушылар 4 кезеңнен өтіп, финалға 10 отбасы жолдама алды.

 

Іс-шара қорытындысы бойынша 500.000 тг көлеміндегі сертификатқа ие болып, бірінші орынды иеленген - Тлеубекұлы Шыңғыс және Тлеубекова Мадина, екінші орында Тырнахан Нұргүл және Мерзамхан Айдос, олар 350.000 көлемінде сертификатқа ие болды және Аймамбетов Сұңғат пен Қайратова Арайлым 250.000 тг сертификатпен үшінші орында.

 

Бірде-бір финалист лайықты марапатсыз қалмайды, сондықтан финалға өткен қалған 7 отбасы да жұбаныш сыйлығы ретінде 100.000 теңгеден алды.

 

Қатысушылар олар үшін ең бастысы жеңіс емес, жақсы көңіл-күй және отбасымен бірге көңіл көтеру екенін атап өтеді.

 

 

BAQ.KZ