Мәселе

Елордада қоғамдық көлік қозғалысы толық тоқтатылуы мүмкін

  • Фото - http://newtimes.kz

    Фото - http://newtimes.kz

Карантин салдарынан Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктің жүру кестесі өзгереді, деп хабарлайды  ҚазАқпара CTS компаниясына сілтеме жасап.

 

Компания мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясының таралуына қарсы жедел штаб шешімімен 2020 жылғы 26 наурыздан бастап қоғамдық көліктің жұмыс кестесі өзгереді. Автобустардың жұмыс кестесі енді 21:00-ге дейін емес, 19:00-ге дейін болады.

 

Сонымен қатар, 28 наурыздан бастап карантиндік аймаққа кіретін қала маңындағы барлық бағыттар тоқтатылады. Олар: Қосшы, Тайтөбе, Жібек Жолы, Талапкер, Қоянды, Қызылсуат, Ы. Алтынсарин, Нұрлы ауылдары (№№ 301, 302, 303, 304, 306, 307, 313, 314, 319, 320, 321, 322, 326).

 

Оған дейін, 21 наурыздан бастап карантин аймағына кірмейтін қала маңындағы Ақмол, Қабанбай батыр, Р. Қошқарбаев, Максимовка, Воздвиженка, Аршалы, Жалтыркөл, Софиевка, Малотимофеевка және Шұбар (№№ 300, 305, 308, 309, 310, 311, 312, 315, 316, 317 және 318) ауылдарына автобустар тоқтатылды.

 

Шектеу шаралары мен өзгерістер карантин аяқталғанға дейін енгізіледі.

 

«Бүгінде автобуста қолма-қол ақысыз төлем жасау – 98 пайыз. COVID-19 жұқтыру қаупін азайту мақсатында жолаушыларға ақысыз төлем түрлеріне өтуге кеңес беріледі. Барлық тарифтік жоспарларды және көліктік карталарды біздің кассаларымыздан, RTVM-автоматтарынан, лезде толтыру пунктерінен және City Transportation Systems қашықтық сервистерінен толықтыруға болады. Қашықтан толтыру орындарын, сонымен қатар SMS және QR талаптары www.transcard.kz сайтында көрсетілген. Карантиндік шаралар қатаңдатылған жағдайда, Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқпасының таралуын болдырмауға арналған жедел штабымен қоғамдық көлікті толықтай тоқтату туралы мәселе көтерілуі мүмкін», – делінген ақпаратта.

 




Көрілген: 355    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.03.2020, 17:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Маусым, 10:49
    Той көбейсе, жан қайғы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31