Мәселе

Елордада қоғамдық орындарға бармастан қандай қызметтерді онлайн алуға болады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Елорда әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова қоғамдық орындарға бармай-ақ қызметтерді онлайн алуға болатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Құрметті тұрғындар, елімізде коронавирустың таралмауы жөніндегі арнайы шаралардың қабылдануына байланысты қоғамдық орындарға барудан аулақ болу ұсынылады. Сондықтан сізге кейбір қызметтерді онлайн алуға болатындығын ескертеміз», деп жазды М. Бектұрова Telegram-дағы парақшасында. iqala.kz порталында үйден шықпай-ақ жарық, су, электр, телефон және қызметтердің 100-ден астам түрін қосу бойынша келісімшартқа қол қоюға болады. «Сонымен қатар сіз лифт пен көлік картасын толықтыра аласыз, коммуналдық қызметтерге ақы төлей аласыз, көлік салығын есептей аласыз, су есептегіштердің көрсеткіштерін тексеріп, қайырымдылыққа салым жасай аласыз, сонымен қатар Smart Astana қосымшасында карантинге қатысты барлық ақпаратты ала аласыз. e.astana.kz порталында онлайн режімде баланы кезекке қоюға немесе оның қозғалысын қадағауға, ПМПК емтиханына тіркелуге немесе балабақшадан орын алуға болады», деп жазды қала әкімінің орынбасары.

 

Оның айтуынша, тұрғындар цифрлық қызметтерді пайдаланып, өзіне және жақындарына қамқорлық жасауы керек, қоғамдық орындарға баруды барынша азайтуы тиіс.

 




Көрілген: 223    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.03.2020, 11:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31