Мәселе

Елордада пәтер саудасы кезінде интернет-алаяқтардың алдап кетуі жиіледі

  • https://24.kz

    https://24.kz

Елордада интернет-алаяқтық фактілері жиіледі. Қалалық полицейлер осылай деп дабыл қағуда.


Полиция департаментінің мәліметінше, көбінесе пәтер және автокөлік сатушылар әккі пысықайлардың арбауына түсіп қалады. Алаяқтар жарнама сайтындағы телефондарға қоңырау шалып сатушының сеніміне кіріп алғаннан кейін төлем картасын «интернет-банкинг» қызметіне қосуын өтінеді. Бұл жүйемен жұмыс істеп көрмеген азаматтар тез алданып қалады екен.


Жалпы, жыл басынан бері осындай 928 алаяқтық қылмыс тіркелген. Оның 300-ден астамының беті ашылды.


Интернет алаяқтардан құралған 36 қылмыстық топ құрықталып, тиісті жазаға тартылды. Оларға бірден үш жылға дейін шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.


Тәртіп сақшылары «күдіктілердің айласына түсіп қалмас үшін күмән туғызатын ақша аударымдарды жүргізбеу қажет» деп ескертеді.


Саят Дүйсембаев, қалалық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес бөлімі басшысының міндетін атқарушы:


- Банк карточкаларының дербес кодтарын бермеуді сұраймыз. Әлеуметтік желі арқылы тапсырыс берген кезде өздері көзбен көрмей сенбеу керек. Жаңағы бірінші салымды киви әмиянға, басқа да шоттарға салмауды өтінеміз.


 24.kz




Көрілген: 471    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.08.2019, 20:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30