Мәселе

Елордада тұрып жатқан 42 көпбалалы отбасы бір күнде басқа қалаға көшіп кетті

  • Елордада тұрып жатқан 42 көпбалалы отбасы бір күнде басқа қалаға көшіп кетті

    Елордада тұрып жатқан 42 көпбалалы отбасы бір күнде басқа қалаға көшіп кетті



Нұр-сұлтан қаласының көпбалалы отбасылары басқа қалаға көшіп жатыр. Кеше елордада тұрып жатқан 42 жанұя Павлодар облысының Екібастұз кентіне барып, қоныстанды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнағасілтеме жасап.


Елордада тұрған жатқан 42 көпбалалы отбасы бір күнде басқа қалаға көшіп кетті


Оларға сол жерден баспана беріліп, жұмысқа орналастырылады екен. Осылай деген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев жұмысымыз көпбалалы аналардың көңілінен шығып жатыр дейді.


«Жалпы көңіл-күйлері жаман емес. Енді өздеріңіз көріп жүрсіздер ғой, көпбалалы аналармен талай рет кездестік. Алып бара жатқан айқай-шу жоқ»,- деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев. 


Сапарбаев 5 күн бұрын ғана шағымын айтуға жиналған аналар үшін «Астана экономикалық форумында» отырған жерінен шығып, наразы топпен бірге автобусқа мінуге мәжбүр болғанын ұмытып кеткен сыңайлы. Бірақ, сол күні жиналып, талаптарын айтқан аналардың көңіл-күйі министр айтқандай емес.


«4 ай өтіп бара жатыр ешқандай жылжу жоқ. Атаулы әлеуметтік көмектен басқа ештеңе жоқ. Менің баспанаға қолым жетті деп, қуанып жатқан ешкім жоқ»,- дейді жалғызбасты ана Қанағат Шүменова.


Алайда, бұған да министрдің уәжі дайын. Елордадағы баспанаға мұқтаж 42 көпбалалы отбасының мәселесін шешіп тастапты.


«42 ма отбасы Нұр-сұлтан қаласынан Екібастұз қаласына көшті. Оларға ол жерден отбасы мүшелеріне байланысты 2-3 бөлмелі пәтер беріліп отыр. Енді содан кейін оларды жұмысқа орналастыру мәселесі шешіледі»,- деді Сапарбаев.


Тіпті, Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің өкілдері Екібастұзға көшіп жатқан отбасыларды жаңа қонысына орналастырып келуге бірге кетіпті. Бірақ, аналар болса мемлекеттің бұл көмегін басқаша бағалап отыр. 


«Екібастұзға көшіру мәнісі менің ойымша, көпбалалы аналар шуламасын, шықпасын, үндемесін деп жасалып отырған сияқты. Міне, біз үндемей жүріп 30 жыл өтіп кетті»,- дейді жалғызбасты ана Қанағат Шүменова.


 



 

 




Көрілген: 7301    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.05.2019, 10:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31