Мәселе

Елордадағы дүкеннің бірінде порнографиялық материалдар сатылған

  • https://www.youtube.com

    https://www.youtube.com

«Контрафакт» іс-шарасы барысында полицейлер Нұр-Сұлтан қаласындағы дүкендердің бірінен порнографиялық материалдар сатылып келгенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«Аталған факті бойынша 29 жасар елорда тұрғыны ұсталды, ол тауарлар сататын бутиктердің бірінде порнографиялық сипаттағы белгілері бар материалдарды өткізген. Тінту жүргізу іс-шаралары кезінде тыйым салынған материалдардан басқа 300-ден астам контрафактілік аудио-бейнеөнім, 50-ден астам лицензиясы жоқ бағдарламалық қамтылым мен компьютерлік ойындар тәркіленген», делінген хабарламада.


Ұсталған адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабы бойынша (порнографиялық материалдарды заңсыз тарату) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сонымен қатар тиісті сараптама тағайындалды.


«Контрафакті» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында ақпараттық технологияларды қолдана отырып 24 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды, 8 интернет-алаяқ және 1 карта шоттан ақша жымқырушы ұсталды.


24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында 21 жасар Павлодар облысының тұрғыны ұсталды, ол елорда барларының бірінде жұмыс істеп жүріп, әртүрлі желеумен тұтынушылардың банк карталарының деректерін алып, артынша төлем жүйелері арқылы ақша ұрлаған.


Жоғарыда көрсетілген факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Полиция департаменті осындай жағдайдан сақтану жолдарын ұсынды.


«Ешкімге, оның ішінде банк қызметкерлеріне де карта шотының жеке мәліметтерін және пин-кодты бермеңіз; банк картасымен жасамаған операцияны растамаңыз; анонимді төлем жүйелері арқылы белгісіз адамға ақша аудармаңыз; компьютердегі немесе ұялы телефондағы күмән тудыратын бағдарлама мен қосымшаны пайдаланбаңыз; күмән тудыратын онлайн саудадан бас тартыңыз, тауардың бар-жоғына бейнебайланыс арқылы көз жеткізіңіз; тауардың ақысын оны жеткізгеннен кейін және тексергеннен кейін ғана төлеңіз», делінген ескертуде.


 


 


 


 


 


 




Көрілген: 348    Пікірлер: 0

жұма, 27.09.2019, 14:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31