Мәселе

Елордадағы жаңа ашылған айналмалы жол жүргізушілердің көңілінен шықпады

  • Елордадағы жаңа ашылған айналмалы жол жүргізушілердің көңілінен шықпады

    Елордадағы жаңа ашылған айналмалы жол жүргізушілердің көңілінен шықпады

Бас қаланың айналмалы жолы толық аяқталды. 20 жыл бұрын басталған ауқымды жобаның соңғы бөлігі ғана қалған еді. 35 шақырымға жуық аралығы да бітіп, бүгін жаңа жолда көлік қозғалысы салтанатты түрде басталды. Ол енді қаладағы көлік кептелісін азайтып, экологиялық жағдайының жақсаруына да үлес қоспақ. Тек шенеуніктер мақтаған жол қарапайым жүргізушілердің көңілінен шықпай қалды, - деп хабарлады КТК арнасы.


Премьер-министр, министр, әкім секілді лауазымды тұлғалар шаруасын тастап, аталмыш шараға арнайы келген. Ұйымдастырушылар да жол бойын жалаулатып, салтанатын келістіріп жіберіпті. Үкімет басшысы мен қала басшысына министр қосылып, көлік қозғалысын бірге бастап берді.


- Екі, бір. Қошеметтеріңіз, ағайын! Жаңа жол құтты болсын!


Енді осы тұстан өтетін қалаға қатысы кірмейтін көліктер, сондай-ақ, жүк көліктері бас қаланың бағдаршамдарында кідірмей, сыртынан айналып өтеді.


Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі: - Ол қаланың ішіндегі кептелісті жеңілдетуге үлкен қолдау көрсетеді. Сонымен бірге, экологиялық жағдайымызды жақсартады. Бұл жол қаланың транспорттық жүйесінің қалыптасқанының нәтижесі деп білеміз.


Жалпы айналма жолдың құрылысы елорда елорда болған кезде басталған. Бөлшектеніп салынып келген құрылыстың соңғы бөлігі – 34 шақырым 400 метр. Осы бөлігін құрылысшылар 2017 жылы бастаған еді. Екі жыл ішінде мерзімінен ерте бітіріп отыр. Жасыл бөлігі бұрын бітіп қойған. Осы жолы лентасы қиылғаны қызыл түсте. Қостанай, Көкшетау, Павлодар және Қарағандыға шығатын жолдар аталмыш бөліктен өтеді де, соған байланысты 3 жолайырық салынып, тағы біреуі жөнделген.


Бұған шенеуніктердің өздері риза. Бірақ кейбір жүргізушілердің көңілінен шыға қоймапты.


Төлеген Сыздықов, көлік жүргізушісі: - Бағдаршамдарды көбейтсе екен. Жаяулар жолақтары заңды түрде салынса дейміз. Өйткені мұнда жолдан арыбері өтетіндер көп. Балалар жүреді. Мал ұстайтындар да баршылық. Сол үшін керек.


Айта кетерлігі, бұл бөлікті Қазақстан мен Қытайдың екі компаниясы теңдей бөліп салған. Қытай банкінен 60 миллиард теңге несие алынған. Оны мемлекет екі пайыздық үстемемен 20 жылда қайтарып беруі тиіс.


Жалпы ұзындығы 87 шақырымды құрайтын айналма жолдың құрылысы осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын басталған еді. Оның соңғы бөлігі енді ғана салынып бітіп отыр. Дегенмен құрылысты толық бітті деуге әлі ерте. Себебі, мұнда көлік қозғалысы басталғанымен, жол белгілері әлі түбегейлі салынып бітпеген. Ол келер жылдың жазына дейін жалғасады.




Көрілген: 526    Пікірлер: 0

сенбі, 30.11.2019, 17:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31