Мәселе

Елордадағы өрт: 8 бала ауруханада жатыр

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Елордада жатақханадан шыққан өрттен зардап шеккен 8 бала ауруханада жатыр.


Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті әлеуметтік көмекті ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Аслан Жангереев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Жедел жәрдем көлігі оқиға орнына 4 минуттың ішінде жетті. 26 адам, оның ішінде 14 бала ауруханаға жеткізілді. №1 қалалық балалар ауруханасына - 2, №2 қалалық балалар ауруханасына - 6, №1 қалалық ауруханасына 3 ересек адам жатқызылды. Яғни, ауруханаға жеткізілгендердің ішінде 8 бала ауруханада жатыр. Олардың барлығына орта деңгейде ыс тию диагнозы қойылған. Жағдайлары қанағаттанарлық, тұрақты. Қалғандары ауруханаға жетекізілгеннен кейін тексеріліп, үйлеріне жіберілді. Өмірлеріне еш қауіп жоқ. Медициналық көмек толық көрсетіліп жатыр», - деді Аслан Жангереев.


Оның атап өтуінше, өрт кезінде зардап шеккен 1 бала №1 қалалық балалар ауруханасында ем алуда. Зардап шеккендердің жасы 1 мен 18 жас аралығында.


Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін қаладағы Ж.Досмұхамедұлы көшесі, 4 мекенжайында орналасқан жатақханадан өрт шықты. Белгілі болғандай, жатақхананың 2-қабатындағы аумағы 18 шаршы метрлік бөлме өртке оранған. Өрт сөндіру қызметі тілсіз жауды ушықтырмай, жылдам сөндірді.


Сондай-ақ, оқиға орнынан 32 адам эвакуацияланды. Өрт кезінде кішкентай бала газдан уланып, орташа деңгейдегі жарақатпен қалалық ауруханаға жеткізілді.


Оқиға орнына қала әкімі Бақыт Сұлтанов барып, Байқоңыр аудандық әкімдігі басшыларына өрттен зардап шеккен жандарға жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.


 




Көрілген: 570    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.05.2019, 16:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31