Мәселе

Елордалық жігіт сауда орталығының екінші қабатынан субұрқаққа секіріп түскен (видео)

  • Елордалық жігіт сауда орталығының екінші қабатынан субұрқаққа секіріп түскен (видео)

    Елордалық жігіт сауда орталығының екінші қабатынан субұрқаққа секіріп түскен (видео)

Нұр-Сұлтан қалалық ІІБ қызметкерлері Mega SilkWay сауда орталығында бәс үшін 2-қабаттан субұрқаққа секіріп кеткен 19 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Нәтижесінде жас жігіт ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Достарымен бәс тіккен 19 жастағы елорда тұрғыны 1-қабатта орналасқан субұрқаққа секіріп кеткені анықталды. Орталыққа келушілер оның қауіпті әрекетіне куә болды. Жігітті полиция қызметкерлері ұстады. Сауда, ойын-сауық орталығының күзетшілері бұзақыны келіп жеткен полиция қызметкерлеріне тапсырды", - деді Нұр-Сұлтан полиция департаменті.

 <iframe width="963" height="572" src="https://www.youtube.com/embed/6yAlCiq1zes" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>


Оқиға орнында тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін жас жігіт Есіл аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушы қамауға алынады. Сонымен қатар іс жүргізу барысында ұсталған азаматтың бұрын ұсақ бұзақылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Өткен жолы ол Алматы метросында ол музыканы қатты қойып, тұрғындардың мазасын алғаны үшін ұсталған.




Көрілген: 581    Пікірлер: 0

жексенбі, 05.12.2021, 17:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31