Мәселе

Елордалық полицейлер ұрланған заттарды қабылдау пункттерін әшкереледі

  • © Тengrinews.kz

    © Тengrinews.kz

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті темір ұрлығын (кәріз қақпаларын, сымдар, темір шарбақтар, аккумулятор батареялары т.б.) болдырмау мақсатында темір қабылдау орындарын үнемі тексеріп тұрады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық әкімдік сайтына сілтеме жасап.


Биыл 27 шілдеде темір қабылдау орындарын тексеру кезінде 10-нан астам, оның ішінде 1,5 тонна түрлі түсті темір, 8 темір қақпа, 12 аккумулятор тәркіленді. Фахд бен Абдул Азиз көшесіндегі үйдің жанынан бөлшектелген кран, ал Дулатов көшесіндегі қабылдау орнынан - "Mitsubishi" көлігінің кузовы табылды. Тәркіленген заттар бойынша тексеріс жүргізілуде.


Тексеріс барысында кәріз қақпалар анықталған жоқ.


Көркейту ережелері және көші-қон заңнамасын бұзғандары үшін 20 әкімшілік хаттама толтырылды.


Тиісті құжаттамасыз темір қабылдау орнының 2 иесі қатысты ҚР Әкімшілік кодесінің 463-бабы бойынша әкімшілік жазаға тартылды. ҚР ҚК-нің 188-бабы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Тексеріс барысында Өндіріс көшесінде орналасқан темір қабылдау орында темір қақпа мен "Volkswagen" маркалы көліктің кузовы табылды. ҚР ҚК-нің 188- бабы бойынша (ұрлық) тергеу жүргізілуде. Заттай айғақтар тәркіленді.


Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ұрланған заттарды сатып алған үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеді.


 




Көрілген: 339    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.07.2019, 19:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31