Елордалық прокуратураның бастамасымен жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша кеңес өткізілді

17 тамыз 2023, 17:28

Астана қаласы прокурорының орынбасары А.А.Ермахановтың төрағалық етуімен ведомствоаралық кеңес өтті. Онда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі қалалық прокурорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңес жұмысына Полиция департаментінің, қала әкімдігінің басшылығы қатысты.

 

Ағымдағы жылы жол-көлік оқиғасының (әрі қарай - ЖКО) жалпы санының төмендеуіне қарамастан, зардап шеккендердің саны артқаны атап өтілді.

 

Жалпы, ЖКО салдарынан 123 адам зардап шекті, 6 адам қаза тапты.

 

Прокуратураның үйлестіруімен елорда аумағында «Автомобиль» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді, оның мақсаты құқық бұзушылықтарды анықтау және жол қозғалысына қатысушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

 

 

Жедел профилактикалық іс-шарасы кезеңінде жол жүру ережесін 9 397 бұзушылық анықталды.

 

Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қауіпсіздік белдіктерін пайдалану талаптарын сақтамағаны үшін – 1234, жүргізушінің телефонын пайдаланғаны үшін -  228, құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқарғаны үшін – 214.

 

Мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін сот шешімімен 43 адам 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды.

 

Көлік жүргізушілерінен басқа жаяу жүргіншілер арасында заң бұзушылар анықталды. Олардың кінәсінен туындайтын ЖКО-ның негізгі себептері – белгіленбеген орындарда жолдан өтуі. 

 

Жедел профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жол жүру ережесінің талаптарын орындамағаны үшін 2 652 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

 

Кеңеске қатысушылар елорда үшін ең өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын әзірледі. 

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz