Мәселе

Елорданың әнұранын жаз да, 3 миллион теңге ұтып ал

  • © kn.kz

    © kn.kz

Нұр-Сұлтан әкімдігі қала әнұраны, елорда туралы ең үздік ән, сондай-ақ Қазақстан астанасының логотипі мен ұранының ең үздік брендбугін жасаудан шығармашылық байқау жариялады. Жеңімпаздар 3 000 000 теңге алады.


Конкурс 2019 жылдың 27 мамырынан 24 маусымына дейін өткізіледі.


Конкурсқа кімдер қатыса алады


Конкурсқа кәсіби және әуесқой композиторлар мен ақындар, музыкалық және шығармашылық топтар, дизайнерлер, суретшілер, сондай-ақ республиканың тұрғындары мен қала тұрғындары өз жұмысын жібере алады.


Жұмысты қайда жіберу керек


Байқауға қатысқысы келетіндер Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасына 2019 жылдың 24 маусымынан кешіктірмей мына материалдарды тапсыруы керек:


* Толтырылған өтінім;


* CD-форматында алдын-ала таңдау үшін жұмыстың аудио жазбасы;


* Бренд кітапшасының эскиздері (нобай A4, A3 қағазының қалың парағына жазылуы керек);


* Шығармашылықты сипаттайтын түсіндірме жазба.


Елорда туралы әндер қандай болуы тиіс


Әндер кез келген жанрда және әртүрлі орындаушылар үшін жазылуы мүмкін. Бірақ бұрын жарияланбаған болуы керек және республиканың астанасына жоғары руханилық, отансүйгіштік, махаббат пен мақтаныш идеяларын ұстануы керек.


Қазылар алқасы белгілі композиторлардан, ақындардан, суретшілерден, дизайнерлерден және ұйымдастыру комитетінің мүшелерінен тұрады. Әрбір байқаудың жеңімпазы дипломмен және 3 000 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталады.


 Sputnik




Көрілген: 519    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.05.2019, 22:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31