Мәселе

Елорданың ойын-сауық орындарында ішімдік сату шектелуі мүмкін

  • Елорданың ойын-сауық орындарында ішімдік сату шектелуі мүмкін

    Елорданың ойын-сауық орындарында ішімдік сату шектелуі мүмкін

Елорданың ойын-сауық орындарында түнгі 23.00-ден таңғы 08.00-ге дейін ішімдік сатуға шектеу қою ұсынылды, деп хабарлайды Elorda Aqparat.

Бұл ұсыныс қала әкімдігінде ойын-сауық мекемелері мен халық көп жиналатын орындарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күшейту туралы өткен жиналыста айтылды.


"Тәртіп бұзушылықтың басым бөлігі ішімдік ішкен соң болады. Сондықтан мейрамхана, дәмханаларда түнгі сағат 23.00-ден таңғы 08.00-ге дейін ішімдік сатуды шектеуді ұсынамыз", - деді қалалық ІІД жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Госман Жакин.


Биыл 41 ойын-сауық мекеме иесіне тәртіп бұзушылыққа әкеліп соғатын жайттарды жою керектігі ескертілген.


"Темекі бұйымдарын сату ережесін бұзғаны үшін 86 мекеме жетекшісіне, түнде ойын-сауық орындарына кәмелеттік жасқа толмағандарды кіргізгені үшін 115 мекемеге ескерту берілді", - деді Госман Жакин.


2018 жылдың қараша айынан бастап патрульдік қызметтің жұмыс істеу тәртібі өзгерген болатын. Полицейлердің біразы тәртіп бұзушылықты көлікпен емес, жаяу жүріп тексереді. Демалыс және мереке күндері барлық ойын-сайық орындарының жанында полиция қызметкерлері кезекшілік етеді.


Жыл басынан бері ойын-сауық орындарындағы тәртіп бұзушылық жайлы үш мыңға жуық қоңырау түскен.

 




Көрілген: 502    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.04.2019, 17:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31