Мәселе

Еңбек министрі зейнетақы жүйесін жетілдіруге қатысты түсінік берді

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл туралы аталған министрліктің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Серік Шәпкенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Министр өз сөзінде мемлекет ел экономикасының жағдайына қарамастан, барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындап жатқанын атап өтті.

 

Зейнетақы мен жәрдемақы уақытында төленіп келеді. Жыл сайын олардың мөлшері инфляция деңгейін ескере отырып индекстеледі.

 

«2020 жылы халыққа қосымша қолдау көрсету үшін зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылар екі рет индекстелді. Бұл өсім 4 миллион адамды қамтыды. 2021 жылдың басынан бері 2,2 миллионнан астам зейнеткердің ынтымақты зейнетақысы 7 пайызға көтерілді, базалық зейнетақы мен жәрдемақының өсімі 5 пайызды құрады», - деді С. Шәпкенов.

 

Еңбекминінің басшысы, сондай-ақ, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) мүгедектік, асыраушысынан айырылу және жұмысынан айырылу жағдайлары бойынша 131,7 мыңнан астам адамға төлем орта есеппен 50 пайызға көбейтілгенін айтты. 2020 жылдың қорытындысында бес әлеуметтік тәуекел бойынша 947,2 мың әлеуметтік төлем алушыға МӘСҚ-тан 257,3 млрд теңге төленді.

 

«Бүгінгі таңда зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіндегі ең өзекті мәселе &ndash жинақтау жүйесін дамыту болып тұр. Жинақтаушы жүйе енгізілген 22 жыл ішінде жинақталған қаражаттың жалпы сомасы 12,9 трлн теңгені құрады (01.01.2021 жылғы жағдай бойынша). 162 мыңға жуық адам зейнетақы жинақтарын алды, оның орташа мөлшері айына 28 мың теңгені құрайды. Оң үрдістерге қарамастан, зейнетақы жарналарын төлеудің тұрақсыздығы мәселесі өзекті күйінде қалып отыр», &ndash деді министр.

 

Қазіргі кезде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2014 жылы бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасына өзгерістер енгізу үстінде екенін атап өтті.

 

«Мәселе зейнетақы жүйесін өзгерту жайында емес! Оны ең төменгі кепілдіктер жүйесін жетілдіру және 2023 жылдан бастап жұмыс берушілерден міндетті зейнетақы жарналарын енгізу бөлігінде одан әрі жетілдіру көзделуде», &ndash деп түсіндірді Серік Шәпкенов.

 

 




Көрілген: 979    Пікірлер: 0

жұма, 26.02.2021, 11:34

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30