Мәселе

Еңбек өтілі 20 жылға жетпеген әскери қызметшілерге баспана беріледі

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді баспанамен қамтуға қатысты заңнамаға өзгерістер енгенін мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Қарулы күштері әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасы (ҚР ҚК ӘПОББ) басшысы, подполковник Бауыржан Зекеновтың айтуынша, 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін жұмыстан шығып кеткен тұлғалардың пәтер алу ережесіне бірқатар өзгертулер енгізілген.

«Қарулы күштер қатарында 10 жылдан көп, бірақ 20 жылдан аз қызмет еткен, яғни олардың жас мөлшері ары қарай жұмыс істеуіне мүмкіндік бермеген, денсаулығына немесе штат қысқаруына байланысты жұмыстан шыққан тұлғалар бар. Бұрын 20 жылдан аз жұмыс істегендерді баспанамен қамтамасыз ету заңнамада қарастырылмаған болатын. Қорғаныс министрлігі бұрын болмаған қадамға барып, 2018 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген заңда оларды баспанамен қамту мәселесін қайта қарастырды», - деді Бауыржан Зекенов.

Оның сөзінше, бұл – жабық әскери қалаларда тұратын санат.

«Қазір олардың жекешелендіруге жатпайтын тұрғын жайын жекешелендіретіндей етіп ауыстырып жатырмыз. Бұл - Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында жарияланған тұрғын үй. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласындағы Ш.Құдайбердіұлы көшесінде тұрғын үй кешені ашылды. Жоғарыда аталған санатқа жататын адамдар осы пәтерлердің кілтіне ие болды. Сонымен қатар, 2020 жылы Алматыда 240 пәтерге арналған тағы бір тұрғын үй кешенін ашу жоспарда бар», - деп ақпарат берді ҚР ҚК ӘПОББ басқарма басшысы.

«Қазіргі күні Қорғаныс министрлігі заңнамаға сәйкес аталған санат тұлғаларының алдындағы барлық міндеттерін орындап жатыр. Біз әрқайсысына жеке мән беріп қараймыз. Қазіргі Тұрғын үй қатынастары туралы заңнамаға сәйкес тұрғын үй қорын берудің бірыңғай нормасы бар, яғни бір адамға 15-тен 18 шаршы метр аумаққа дейін», - деп түсіндірді Зекенов.

 




Көрілген: 1116    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.12.2019, 15:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31