Мәселе

Енді қазақстандықтар әкесінің қосарланған есімін дефис арқылы жаза алады

  • © BAQ.KZ

    © BAQ.KZ

Осы күнге дейін егер әкесінің аты Асан-Әлі болып, дефиспен жазылса, бала құжатында Асанұлы немесе Әлиұлы деп берілетін. Я болмаса дефиссіз Асанәліұлы болып бірге жазылатын. Енді заңды түрде құжатта дефиспен жазуға рұқсат берілді.

Бұл жөнінде Мәжіліс депутаты Майра Айсина хабарлады.

"ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға дәл осындай өзгерістер енгізілген екен. Қосарланған есім беру мәселесі қазақстандықтар арасында түсініспеушілік туғызып отыр. Баланың құжатындағы әкесінің қосарланған есімі бойынша түзету енгізілді. Бұған дейін әкенің аты тек бірге жазылатын немесе қосарланған есімнің біреуі ғана берілетін. Яғни, әкесінің аты Асан-Әлі болып, дефиспен жазылса, бала құжатында Асанұлы немесе Әлиұлы не болмаса дефиссіз Асанәліұлы болып бірге жазылатын. Заң жобасында бұл мәселе қаралып, дефиспен, яғни сызықшамен жазуға рұқсат берілді, - деп мәлімдеді Майра Айсина бүгін өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін, мемлекет азаматтың өтінім беруін күтпей-ақ, қызметтерді өзі ұсынатыны туралы хабарланған. Мысалы, өмірге нәресте келгенде оның туғанын есепке алу, бала туу бойынша берілетін жәрдемақының екі түрін тағайындау, тұрғылықты мекенжайына тіркеу және балабақша кезегіне қою бір мезетте ұсынылады.

Вaq.kz 




Көрілген: 999    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.12.2019, 13:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30