Мәселе

Енді мекен-жай туралы анықтама берілмейді - министрлік

  • © Inbusiness.kz

    © Inbusiness.kz

ҚР Ішкі істер министрлігі азаматтарды тіркеу туралы анықтама қағазын беру процесін электронды форматқа көшірді, деп хабарлайды kaz.zakon.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Олар азаматтарды тіркеу туралы анықтама қағазын беру ең көп қолданылатын мемлекеттік қызметтердің бірі болып табылатындығын айтады.


- Жыл сайын құжаттар алу үшін, жеңілдіктер мен жәрдемақыларды тіркету және басқа да мақсатта мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сұратуымен тұрғындар 10 миллионнан астам мекенжай анықтамасын алады. Жұмысқа орналасу кезінде, мектептерге, балабақшаға, емханаға, банктерге және тағы басқа кезге де деп анықтама алу үшін қазақстандықтар Халыққа қызмет көрсету орталығының, мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздырып, үнемі кезек күтуге мәжбүр. Ішкі істер министрлігі өзінің мәліметтер базасын басқа мемлекеттік органдармен біріктірді, бұл халыққа мемлекеттік қызмет көрсету тетігін жетілдіріп, қызметті оңай етті. Атап айтқанда, мекен-жай анықтамаларын беру процесі мүлде алынып тасталды, өйткені бұл деректер барлық мемлекеттік органдардың мәліметтер базасында бар, - деді ҚР ІІМ.

Қағазбастылыққа жол бермес үшін әрі уақытты үнемдеу үшін мекен-жай туралы анықтама енді сұралмайды.


- Қазір нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілуде. Дегенмен азаматтардың өзі электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетінің көмегімен мекен-жайы туралы ақпаратты тексере алады. Тұрғын-үй копператив иелері порталда немесе "электрондық үкіметтің" мобильді қосымшасы арқылы сол мекен-жайда тіркелген адамдар туралы ақпаратты тексере алады. Мекен-жай анықтама қағазын беруді тоқтату қағазбастылықты жойып, анықтама үшін халықтың ХҚКО-ға бей-берекет ағылуын тоқтатады, дейді министрліктегілер.

Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігі азаматтарды тіркеуге байланысты басқа да бірқатар мемлекеттік қызметтерді жеңілдетіп, оңтайландырды.


- Жыл соңына дейін "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында ҚР ІІМ тағы сегіз қызметті электронды форматта халыққа ұсынуды жоспарлап отыр. Осылайша, Ішкі істер министрлігі халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 90 пайызға жуығы автоматтандырылады, - дейді ондағылар.


 


 




Көрілген: 793    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.09.2019, 16:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31