Мәселе

Енді зейнеткерлікке СМС арқылы шығуға болады

  • CC0 / pixabay.com

    CC0 / pixabay.com

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы зейнеткерлікті проактив әдісімен рәсімдеу бойынша пилоттық жобаны іске қосты.


"Азаматтарға арналған үкімет" баспасөз қызметінің мәліметінше, бұрын болашақ зейнеткерге зейнетақы төлемдерін тағайындау қызметін алу үшін міндетті түрде халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажет болса, енді зейнет жасына толғанға дейін 10 күн бұрын қызметті проактивті түрде рәсімдеуге ұсыныс білдіретін смс-хабарлама жолданады.


Келісім берілген жағдайда кадр бөліміне алдын ала тапсырылған құжаттар жауапты мемлекеттік органның мақұлдауына электронды түрде жіберіледі.


Айта кетейік, зейнеткер жұмыс берушісінің кадр бөліміне алдын ала еңбек өтілі, зейнеткерлік жүйеге қатысуы сияқты мәліметтерді ұсынады, ал бұл ақпарат еңбек келісімдерін есепке алу бірыңғай жүйесіне енгізіледі.


Аталған әдіс арқылы мемлекеттік корпорацияның екі қызметкері зейнеткерлікке шығып үлгерді. Тиісті смс-хабарламаларды алғандардың қатарында астаналық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің жетекшісі Райхан Жолдықұлова мен Ақмола облысы филиалының жер кадастры бөлімінің қызметкері Любовь Шестаева бар.


"Корпорациямыз цифрлық жаңашылдықтардың үнемі басы-қасында жүреді. Бірақ дәл осы зейнеткерлікке шығу жобасының алғашқы қатысушысы боламын деп ойламаппын. Зейнет жасына жеткенде қаншама құжаттың машақаты барын білемін. Барлығы смс-пен шешілгеніне қуаныштымын", – дейді зейнеткер Райхан Жолдықұлова.


 sputnik




Көрілген: 576    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.09.2019, 14:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30