Мәселе

Ер адам ауылдасының интимді видеосын желіде таратып жіберген

  • Сурет ғаламтордан

    Сурет ғаламтордан

Интимді видео көпшілікке 2020 жылдың желтоқсанында жария болған.

 

Оны мессенджердегі тауар сатуға және сатып алуға арналған ортақ чатқа 47 жастағы ер адам кездейсоқ емес, әдейі жіберген.

 

Кадрда екі ауыл тұрғыны бейнеленіпті.

 

Бұл жайттан кейін жергілікті тұрғын полицияға арызданып, кейін полиция порнографиялық материалдарды заңсыз тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

 

Роликті жіберген адам сотта өз кінәсын мойындаған. Ер адаммен процессуалдық келісім жасалған. Прокурор мен қорғаушы оны бас бостандығынан айырмау туралы жазаға келіскен.

 

"Сот процессуалдық келісім шеңберінен шықпай, пробациялық бақылау орнатып, мәжбүрлі түрде 100 сағатқа еңбекке тарту арқылы 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - дейді Успен аудандық сотының баспасөз қызметі.

 

Еске сала кетсек, бұған дейін Көкшетауда жарнама сайттарында порнографиялық сипаттағы суреттерін таратқан бойжеткен ұсталғанын хабарлаған едік.

 

Қазіргі уақытта 21 жастағы қызға қатысты қылмыстық кодекстің 311-бабы (порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату) бойынша сотқа тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

Белгілі болғандай, ол өткен жылы осындай құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылған.

 

 

 




Көрілген: 7961    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.02.2021, 17:52

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Сәуір, 23:17
    Қостанайды су басты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30