Мәселе

“Ермахан сен оңбағансың, халықтың сатқынысың”. Спортшы намысына тиген сөздерге жауап берді

  • https://time.kz/

    https://time.kz/

Сидней Олимпиадасының чемпионы, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Ермахан Ибрайымов митингке шығуының себебін түсіндіріп, өзінің намысына тиген сөздерге жауап берді.

 

&ndash Халықтың көбісі митингке боксшы келсе ұру үшін келді деп ойлайды. Мен халықты ұру үшін жүгіргенім жоқ. Мен "Нұр Отан" партиясы атынан депутаттыққа үміткер ретінде тіркелдім. Сондықтан халық алаңда айқайлап тұра бергеннен бір мәмілеге келіп, сөйлеспекші болдым.

 

Мен сол күні қара маскада тұрдым. Халық сонда да мені танып қойды. Таныса да тұра бердім. Таныды-ау деп қастарына барғанымда олар "Ермахан бізді ұруға келді" деп ойлады. Содан екі әйел менің көкірегімнен итеріп, "Ермахан кет", "Ермахан сен онбағансың", "Сен халықтың сатқынысың" деді. Мен оларға бір ауыз сөз айтпастан жабыла бастады.

 

Әрине мен ешкімді кінәламаймын. Менің намысыма тигені "Ермахан сен "Нұр Отан" партиясының құйыршығысың, сен солардың сөзін сөйлейсің", "Сен халқыңды саттың" деген сөздер. Мен ешкімнің құйыршығы емеспін. Мен халықпен ашық диалог құру үшін келдім, &ndash деді боксшы.

 

Еске сала кетейік, сайлауға бойкот жариялап 10 қаңтар күні алаңға шығып, арнайы жасақ қоршауында болған "Демократиялық партия" бастамашыл тобын сабырға шақыруға тырысқан Ермахан Ибраимов наразы топпен жанжалдасып қалған болатын.

 

 

 

 

qamshy.kz

 




Көрілген: 4837    Пікірлер: 0

сенбі, 20.02.2021, 19:24

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Сәуір, 23:17
    Қостанайды су басты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30