Есек сүті кімге сатылып жүр?

Есек сүті кімге сатылып жүр?

Таразда есек байлап сүтін сатып отырған ферма бар. Бұл ақпарат шындыққа жанаса ма деген ақпаратты "Астана Times" қазанның 19 күні берген.

 

Сол кезде тараздық атқамінерлер, "Көше-көшені аралап ферманы іздеп көреміз", деген уәде беріп еді. Бір апта өтті. Бүгін біз осы тақырыпты тағы бір қозғамақпыз.

 

Арнайы мамандармен де сұхбаттастық. Сарапшылардың айтуынша, "Есек сүті пайдалы", деген жансақ пікір. Оның құрамында тіпті, қатерлі ісік аурын қоздыратын зиянды элементтер бар көрінеді.

 

Әншейінде есекке келгенде, «Еңбегі адал, еті арам» дейтініміз бар. Бірақ мына видео тарағанда, түрлі диван сарапшылары, "Есектің сүті пайдалы", дегенді шығарды. "Қатерлі ісікке шипалы", дейді білгіштер. Алайда, ол нағыз фейк. "Есектің сүті ракты емдемейді, керісінше қоздырады, дейді сарапшылар. Оның сүтінде түрлі зиянды микробтар көп көрінеді.

 

Қуандық ХОНАЙ, САРАПШЫ:

 

-          Адам ағзасына неше түрлі микроб кіреді. Футоксин деген микроб болады. Адам денесіндегі барлық ауруды қоздырады ол.

 

 

Ал, фермадан түсірілген видео әлеуметтік желі арқылы тарап талай адамда шошытты. Әсіресе, "Бұл видео өзіміздің Тараздағы Киров көшесінде түсірілген", деген ақпарат елді дүрліктірді.

 

 

Ал, бейнемен ілесіп жүрген аудио хабарламалар болса тұтынушыларды тіпті үркітті.

 

 

Қазнетті жарған видео қоғамда түрлі пікір тудырды. Дені, "Есек сауғандарды тауып жазалау", керек деп отыр. Тараздағы шенеуніктер болса, Киров көшесінен ондай ферманың табылмағанын алға тартып отыр. "Бұл видео басқа елде түсірілген дейді, инспекторлар.

 

 

Жандар ҚОЕКИЕВ, ҚР АШМ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 

-          Есек асырау ол оңай шаруа емес. Біз іздемесек те ол ақырып-шақырады. Сондықтан оны айтып қояды адамдар. Бізде ондай мүмкін емес сізге гарантия берейін.

 

 

Ветеринарлық инспекцияның сөзіне қарағанда бұл бейне жазба басқа елде түсірілу мүмкін. Ал, қазақша сөздер видеоның үстінен салынған дейді. Қалай болғанымен мамандар дөп басып, нүкте қойған жоқ.

 

 

Видеоны таратқан адамдар әлі іздестіріліп жатыр. Яғни, бұл тақырыпқа әлі оралуымыз мүмкін.

 

 

 

astanatv.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста