Мәселе

"Ешкім сенбеген соң видеоға түсіріп алды": Оралда өгей әкесі кәмелетке толмаған қызды төрт жыл бойы зорлап келген

  • "Ешкім сенбеген соң видеоға түсіріп алды": Оралда өгей әкесі кәмелетке толмаған қызды төрт жыл бойы зорлап келген

Оралда 52 жастағы ер адам өгей қызын зорлады деп айыпталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

17 жастағы қыз өгей әкесі төрт жыл бойы азғындық әрекет жасағанын мәлімдеді. Белгілі болғандай ер кәмелетке толмаған қызды 13 жасынан бастап зорлап келген. 

 
Қыздың сөзінше, анасы жұмыстан келгенше өгей әкесі білгенін жасаған. Ол қарсылық танытуғаа тырысқанымен, бұл әрекеттерінің ешқандай пайдасы болмағанын айтады. 

4 жыл бойы қыз анасына болған оқиғалар туралы айтып келген. Сонымен қатар ол психологтар мен мектептегі, содан кейін колледждегі мұғалімдерден көмек сұраған.

Бірақ оған сенбепті, "қиялдан" бас тартуды талап еткен, тіпті өзін-өзі өлтіруге әрекет жасағаны үшін психиатриялық ауруханаға жатқызып қойған. Қыз кезекті рет зорлық-зомбылық туралы хабарлаған кезде, анасы мен өгей әкесі колледжге шақырылған. Сол кезде жәбірленуші зорлықты растайтын аудиожазбаны қосқан.

"Олардың барлығы есеңгіреп қалды. Өгей әкемнен "бұл сенің дауысың ба?" деп сұрады. Ол "иә" деп мойындады. Мас болғанын айтты. Содан кейін оны полицияға жеткізді, үйге қайтып келмеді", – деп атап өтті бойжеткен.

Полицияның хабарлауынша, 52 жастағы күдікті өткен жұмада ұсталған. Сараптама тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр.




Көрілген: 1560    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.10.2021, 01:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31