Мәселе

"Ешкімге дауым жоқ": Арыста үйін балтамен қиратып тастады делінген тұрғын ақпаратты жоққа шығарды

  • "Ешкімге дауым жоқ": Арыста үйін балтамен қиратып тастады делінген тұрғын ақпаратты жоққа шығарды

Түркістан облысында мемлекеттен көмек алу үшін үйін балтамен бұзып тастады делінген азамат өз шындығын айтты. Ол өзінің бұл әрекеті ешқандай талаппен байланысты емес екенін жеткізді.


Бұл туралы  31 арна хабарлайды.


Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Сәкен Қалқаманов Facebook парақшасында екі видео жариялап, Арыс қаласының тұрғыны бір түнде үйін балта және сүйменмен қиратып тастағанын жазған еді.


Алайда үй иесінің болған жағдай туралы ашып айтқысы жоқ. Ол «баспанам жөнделсін» деген талап қоймағанын айтады. Қайта жөндеу жұмыстарынан ерікті түрде бас тарттым, дейді ол.


Сонымен қатар үйін балталады деген ақпаратты естімегенін және мұндай ақпарат таратқан адамға талабы жоқ екенін айтты.


«Ешкімге дауым жоқ. Ешкімге жөндеп бер, жұмыс жасап бер деп барған емеспін», - дейді қала тұрғыны.


Үйін балталады деген азамат баспананың құлаған тұсын жөндеп қойған. Үйдегі екі жұмысшы да ақпараттан хабарсыз екенін айтты.


Бұл баспана бойынша жауапты сектордағылар үй иесінің шынында да жөндеуден бас тартқаны туралы жазбаша қолхаты барын айтты. Олар үйін қиратты деген ақпаратты әлеуметтік желіден естідік деп отыр.

 




Көрілген: 533    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.08.2019, 14:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30