ЕСКЕРТУ: Нұр-Сұлтаннан шығатын бірқатар жолдар жабылады
Ауа райының күрт құбылуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласынан шығатын республикалық маңыздағы бірқатар жолдарда көлік қозғалысына тыйым салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
 
«ҚазАвто Жол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының мәліметінше, қарашаның 10-ы сағат 00:00-ден бастап ауа райының нашарлауы (жаңбыр, көктайғақ, екпінді жел) байланысты республикалық маңыздағы жолдардың мына учаскелерінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:
 
«Нұр-Сұлтан-Петропавл» 18-231 км (Нұр-Сұлтан &ndash Щучье);
 
 «Екатеринбор-Алматы» 1291-1426 км (Нұр-Сұлтан &ndashТеміртау) автомобиль жолдары.