Мәселе

«Ескертуге уақыт болмады»: Біртанов Жапониядан келген жолаушылардан кешірім сұрады

  • «Ескертуге уақыт болмады»: Біртанов Жапониядан келген жолаушылардан кешірім сұрады

    «Ескертуге уақыт болмады»: Біртанов Жапониядан келген жолаушылардан кешірім сұрады

Министрдің сөзінше, барлығы карантинге жатқызылған.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 24 ақпанда Жапониядан Нұр-Сұлтанға ұшып келген жолаушылардан кешірім сұрады. Бұл жөнінде ол бүгін үкімет отырысынан шыққан соң журналистер сұрағына жауабында айтты, деп хабарлайды Азаттық.

Біртановтың сөзінше, SCAT компаниясының Токиодан Нұр-Сұлтанға ұшатын ұшағында Diamond Princess лайнерінде карантинде болған төрт жолаушы барын министрлік басқа жолаушыларға "ескертіп үлгермеген".

"Ұшақта болған өзге жолаушылардан кешірім сұраймыз. Жолаушыларды ұшаққа отырғызу туралы шешім қабылданғанда, ескертуге уақыт болмады",- деді ол.

Біртанов Жапония жағалауында карантинде тұрған Diamond Princess лайнерінде болған Қазақстанның төрт азаматының қолында "денсаулығы жақсы" деген медициналық анықтамасы болғанын, сондықтан Жапония тарабы олардың ұшаққа отыруына кедергі жасамағанын айтты.

"Төрт адамға тағы үш түрлі тест жасалады. Бұл жайлы қосымша мәлімет береміз", - деді министр.

24 ақпан түнде Жапониядан Нұр-Сұлтанға келген әуе рейсінде 20 адам болған. Төртеуі Diamond Princess лайнерінде болғандар, 8-і экипаж мүшесі, 8-і өзге жолаушы. Министрдің сөзінше, барлығы карантинге жатқызылған.

20 қаңтарда Жапонияның Йокогама портынан теңізге саяхатқа шығып, ақпанның басында коронавирусқа байланысты портқа оралған, 3700 жолаушысы бар Diamond Princess кемесі ақпанның 19-ына дейін карантинде тұрған. Кемеде 350-ден астам адамның короновирус жұқтырғаны анықталған. 




Көрілген: 187    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.02.2020, 21:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30