Мәселе

Есмағамбетова қандай жағдайда қатаң карантин қайта енгізілетінін айтты

  • http://milkua.info/

    http://milkua.info/

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова қатаң карантинді қайта енгізуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды sputniknews.kz тілшісі.

 

"Жалпы айтқанда вирус ешқайда кеткен жоқ. Ол әлі де біздің арамызда таралып жатыр. Сондықтан оның таралу жылдамдығы өзімізге байланысты. Біздің негізгі мақсатымыз – оның ары қарай таралуына жол бермеу. Науқастардың саны да өспеуі керек. Сөйтіп, карантиндік шараларды біртіндеп жеңілдетеміз. Алайда карантин шараларын сақтамау бізді қайтадан қатаң карантин режиміне қайтаруы мүмкін", - деді Есмағамбетова бүгінгі онлайн брифингте.

 

Оның айтуынша, карантин шараларын жеңілдету аясында кәсіпкерлерге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Соған қарамастан, күн сайын тәртіп бұзушылықтар тіркеліп отырады.

 

"Мәселен, соңғы бірнеше күннің ішінде Нұр-Сұлтанда 358 кәсіпкерлік нысан тексерілген болатын. Осы нысандардың 85 проценті тиісті талапты сақтамайтын болып шықты. Сатушылар бетпердесіз және қолғапсыз қызмет көрсетеді. Арнайы киімі жоқ. Антисептик қойылмайды. Нан өнімдерін қаптау талаптары сақталмайды. Осы орайда айта кеткен жөн, Нұр-Сұлтанда күн сайын сатушылардың арасында коронавирус жұқтырғандар анықталып отырады", - деп атап өтті Есмағамбетова.

 

Бұдан бөлек, тамақтану орындары, стоматология, шаштараз, сұлулық салондары мен құрылыс компаниялары санитарлық нормаларды сақтамайды. Алматы қаласында да тәртіп жиі бұзылады. Жалпы, республика бойынша қызмет көрсету нысандарында тиісті талаптарға немқұрайлы қарайды.

 

"Тәртіпті бұзғаны үшін айыппұл қарастырылған. Оның көлемі 5-500 айлық есептік көрсеткішті (13 890 – 1 389 000 теңге – Sputnik Қазақстан) құрайды. Тіпті, кәсіпкерлік нысанның жұмысын тоқтатуға дейінгі шара қолданылады", - деп түйіндеді Есмағамбетова.

 

 




Көрілген: 433    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.05.2020, 18:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30