Мәселе

"Естерің ауысқан ба?": Қуат Найман міндетті екпені мақұлдаған депутаттарға шүйлікті

  • "Естерің ауысқан ба?": Қуат Найман міндетті екпені мақұлдаған депутаттарға шүйлікті

Отандық аралас жекпе-жек жұлдызы Қуат Найман елімізде пайда болған міндетті вакцинаға қатысты ойын ашық айтты. Ол балаларға салынатын екпенің бұл түріне қарсы шығып, оны мәжілісте мақұлдаған депутаттарға өз наразылығын білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуат Хамитов балаларға жасалатын міндетті вакцинаны халықтың пікірін елемей енгізгеніне қатты ашуланған.

Спортшы аталмыш екпеге қолдау білдірген депутатарға арнап Instagram парақшасында азулы жазба қалдырған.

"Естерің ауысқан ба? Егер сендер, депуттар, біз үшін бәрін шешкен болсаңдар, демек сендер бізге кепілдік бердіңдер деген сөз. Олай болса, былай жасайық: Біз сендердің балаларыңды алып, оларды мына уға отрғызамыз. Егер бір жылдан кейін оларға ештеңе болмаса, олар түсініксіз аурудан көз жұмбаса , сіздермен жаппай вакцинация жөнінде сөйлесуге дайынбыз. Ал әзірге қарапайым халықты өлтіруді қойыңдар. Біз вакцинацияға қарсымыз" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, 13 мамыр күні Қазақстанда балалар үшін міндетті вакцина пайда болды. Мәжіліс депутаттары палатаның жалпы отырысында "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекс жобасын мақұлдады. Құжатқа сәйкес, елде балалар екпесінің бір бөлігі міндетті санатқа ауыстырылады.




Көрілген: 1164    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.05.2020, 17:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30