Мәселе

Ет пен сүйектен ажыратып тастаған: Алматы облысында әйелін қызғанған азамат мұғалімді өлтіріп тастады

  • Ет пен сүйектен ажыратып тастаған: Алматы облысында әйелін қызғанған азамат мұғалімді өлтіріп тастады

    Ет пен сүйектен ажыратып тастаған: Алматы облысында әйелін қызғанған азамат мұғалімді өлтіріп тастады

Күні кеше Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Сарыбұлақ ауылының тұрғыны Ербол Нұрланұлының жақындары марқұмның жетісін берді. Бір апта бұрын 29 жастағы мұғалім аурухана төсегінде тілге келместен қайтыс болған. Оның өліміне күдікті ретінде сол ауылдың тұрғыны, бес баланың әкесі Медет Тұражанұлы қамауға алыныпты. Ол мұғалім Ерлан Нұрланұлын «әйеліммен сөйлесіп жүр» деген күдікпен соққыға жыққан көрінеді.

 
Күйеуінің туыстары үйінен қуып жіберген бес баланың анасы телефон арқылы тілдесті. Ол кісінің пікірі мүлдем басқа. Отбасылық ұрыс-керістердің соңы - адам өлімімен аяқталуда. Бұл фактілер - қылмысқа айналмай тұрғанда, отбасылық шағын жанжалдардан ғана басталған екен. Адамның айтуға аузы бармайтын сұмдық қылмыстар туралы айтылды. Бұл туралы "Сөздің шыны керекте" айтылды.

Әйелін қызғанған бес баланың әкесі мұғалімді өлтірді деген күдікпен қамауға алынды. Марқұмның жақындары бір адам емес, отбасының барлық мүшесі қамауға алынсын деп талап қойды. 

"Ол менің бір ғана ұлым еді ғой. Мені асырап отыр ғой. 80-дегі шешем бар", -деп жылады марқұмның әкесі.

Небәрі 29 жасында адам қолынан қаза тапқан Ербол Нұрланұлы физика пәнінен сабақ берген. Жұмыстан тыс уақытта ауыл арасында көлігімен жолаушы тасып, қосымша табыс тапқан екен. Қаладағы жұмысын тастап ауылға келгендегі мақсаты - ауыл балаларына ғылым үйретемін деп келген еді дейді жақындары. 

Әріптестері де Ерболды тек жақсы мінезімен еске алып отыр. 

Марқұмның жақындары Ерболды өлтірген азамат оны өз әйелімен шатыстырып, атына кір келтірді деп айыптады. Полицияның жұмысына көңілі толмайды. Осы оқиғадан соң күйеуінің туыстары қуып  жіберген келіншек марқұм маған хабарласқаны үшін ғана жазықты болды дейді. 

Марқұмның әкесі Нұрлан Бейсембаев ұлын қасқырдың аузына өзім салып бердім деп өкінеді. 

"Ұлымды үйге іздеп келді. Біздің келінімізбен жақындығы бар деді. Мен ұлымды сөйлесіп кел деп жіберген едім. Кейіннен ұлыңды алып кет деп хабарласты. Жібермеуім керек еді", - деді әкесі Нұрлан Бейсембаев.

"Кеудесін езіп тастаған. Еті сүйегінен бөлініп кеткен. Басын балтамен ұрғанда оң жағын езіп жіберген", - деді Ерболдың кенже әкесі Кенжегали Иманғалиұлы. 

Қазір бұл іске қатысты тергеу амалдар жалғасуда. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Ал күдіктінің әйелі Серікгүл марқұмның өзіне белгілі себеппен хабарласқанын айтады. 

"Мен жұмыс сұрағанмын. Сол бойынша хабарласқан еді. Күйеуім мені қызғанды", - деді ол. 

Ал күдіктінің әкесі ешқандай мәлімет білмейтінін ескертіп, жауап беруден бас тартты.




Көрілген: 640    Пікірлер: 0

жұма, 30.04.2021, 12:11

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30