Мәселе

Этникалық орыс: Қазақстанды қарғыс атсын, мен Ресейді сүйем (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Заңгер Руслан Түсіпбеков өзінің facebook-тегі парақшасында Михаил Валерий есімді Қазақстан азаматының ұлт араздығын тудыратын сөздер айтып, артынша әрекеті үшін кешірім сұраған видеосын жариялады деп хабарлайды qamshy.kz.

 

Алғашқы видеода азамат камераға үйіне Ресейдің туын іліп қойғаннан кейін ауа райы өзгергенін, Қазақстанды керек етпейтінін, Ресейді жақсы көретінін, Ресей туын өз жалауы деп санайтынын айтып, "Қазақстанды қарғыс атсын" дейді.

 

Екінші видеода азамат сөздері үшін үшін кешірім сұрап, мұндай әрекетке мас күйде барғанын айтып ақталады. Ендігәрі мұндай қайталанбайтынын, Қазақстанды сүйетінін әрі Қазақстанның патриоты екенін жеткізеді.

 

Заңгер әдетте адамның ойындағы нәрсе, мас кезде сыртқа шығатынын қаперге алып, мұндай әрекеттер соңғы уақытта жиілеп кеткенін, оған елдегі ұлттық саясаттың жоғы себеп болып отырғанын айтады.

 

– Диаспоралармен жұмыс жүргізілмейді. Қашықтағы аудандар өзімен-өзі өмір сүріп жатыр. Ол жақтағы адамдар өзін идеологиялық және менталдық тұрғыда бөтен мемлекеттік бөлігі ретінде сезінеді, – дейді ол.

 

Елде Қазақстан азаматы бола тұра қазақ ұлты туралы араздық тудыратын, қазақтардың намысына тиіп, абыройына нұқсан келтіретін сөздер айтқан орыс этносының өкілдері бұған дейін де кездескен.

 

Былтыр қазақтарды маймылға теңеген 46 жастағы Рудный қаласының тұрғыны 2 жылға сотталған.

 

 

 




Көрілген: 1018    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.05.2021, 13:35

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30