Фотода ту ұстаған ер адамның есімі белгілі болды

20 қаңтар 2022, 10:44

Әлеуметтік желі қолданушысы Аня Шөкеева қаңтардағы митингтердің символына айналған фотота ту ұстаған ер адамның Берік Әбішев атты азамат екенін жария етті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Ауылда айлық 35 мың теңге! Ол ақшаға қалай күн көруге болады – сенатор
«Ол тірі! Қазақстанның туын көтеріп, гранатпен атқылаған кезде алаңда жүрген жігіт – алматылық белсенді Берік Әбішев. Наразылық кезінде ол басынан жарақат алып, бүнінге дейін ес-түссіз жатқан. Қазір ғана есін жиды. Бірақ оның қайда екені белгісіз», - деп жазады Аня Шөкеева.
Басынан жарақат алған Берік есін толық білмейді. Оқ оның басын жанап өткені айтылады.

Айта кетсек, көз жасаурататын гранат атылған кезде Мемлекеттік туды ұстап, алға жүрген жігіттің видеосы мен фотосы бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде таралып кеткен болатын. Көп адам Берік Әбішевтің әрекетін қаңтардағы митингтердің символына теңеп жатыр.