Мәселе

Ғабидолла Әбдірахымов шымкенттіктерге үндеу жасады

  • © Photo : пресс-служба акимата Шымкента

    © Photo : пресс-служба акимата Шымкента

Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов отставкаға кеткеннен кейін қала тұрғындарына үндеу жасады.


"Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Қымбатты достар! Мен үшін Шымкент қаласының әкімі болып жұмыс істегенім үлкен мәртебе және мақтаныш. Осындай мүмкіншілік берген Елбасымызға, президентімізге алғысымды білдіремін", - деп жазды Әбдірахымов Instagram парақшасында.



Экс-әкім қолынан келгенше қаланың дамуына атсалысқанын атап өтіп, Шымкент халқына ризашылығын білдірді.


"Сіздер әрқашан мені қолдадыңыздар. Өзімді өте бақытты адам ретінде сезініп жүрдім. Әр нәрсенің соңы болады бұл өмірде. Жаңалықтар да болады. Жаңадан келген қала басшысына сәттілік тілеймін. Барлықтарыңызға үлкен алғыс айтып, басымды иемін! Аман болыңыздар! Шымкент жайнай берсін!", - деп сөзін аяқтады Ғабидолла Әбдірахымов.


Айта кетейік, 30 шілдеде Түркістан облысы Отырар ауданының бұрынғы әкімі Ерлан Айтаханов Әбдірахымовтың орнына Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды.


Президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев Ғабидолла Әбдірахымовтың неге қызметінен босатылғанын "жүріс-тұрысы билікке деген сенімді кетіреді" деп түсіндірді.


 Sputnik




Көрілген: 760    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.07.2019, 10:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31