Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ғарыш күні марафон ұйымдастырылды

12 сәуір 2011, 12:50

Адамның ғарышты игергеніне жарты ғасыр толуына орай Қызылжарда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Алғашқылардың бірі болып «Надежда» желаяқтар клубының бастамасымен марафон ұйымдастырылды.
Облыс орталығындағы «Қарасай» ста­ди­оны­нан бастау алған марафон ауа райы­ның қо­лайсыздығына қарамастан Бескөл ауы­лы­на дейін жалғасты. Желаяқтар бұл жү­гірісті Юрий Гагариннің ғарышқа ұш­қа­нына – 50 жыл, ал өздерінің «Надежда» клу­бының құ­­рыл­­­ғанына 25 жыл толуына орайлас­тыр­ды.
Қызылжарда ғарыш станциясы болма­ға­нымен, ол – атақты ғарышкерлер туған қала. Кеңес Одағының екі дүркін батыры Вла­димир Шаталов осы қалада туып, қа­зіргі №31 мектепте білім алған. Ол ға­рыш­қа үш рет ұшқан. Ғарышта 237 сағат 18 ми­нут болған екен. Қызылжардың тағы бір тумасы Александр Викторенко төрт рет ға­рыш­қа шыққан. 489 тәулік 1 сағат 35 ми­нут 17 секунд аспанда болған. Ал «Мир» стан­циясының сыртында ашық кос­моста 19 сағат 39 минут болған екен. Ресейде тұ­ратын Александр Викторенкоға көптеген атақ­пен қоса Солтүстік Қазақстан об­лы­сы­ның Құрметті азаматы атағы да берілген.
Руслан Есеналин, облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бас­тығының орынбасары:
– Юрий Гагариннің ғарышқа ұш­қа­нына 50 жыл толуына орай ұйым­дас­ты­рылған марафонға жүгіруге 30 шақ­ты адам ниет білдірді. Олардың қа­та­рын­да қаламыздың қарапайым аза­мат­тары болды. Көбі – жастар мен спорт­шылар. Қашықтықты бәрі тегіс жүгіріп өтті. Ешкім қалып қойған жоқ.