Мәселе

ГАЗ ҚҰЯТЫН СТАНСАЛАР ТАЖАЛҒА АЙНАЛУДА

  • ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

    ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлағандай, Шымкенттегі газ құятын стансада бірнеше автоцистерна жарылған. Салдарынан бір адам зардап шекті. Бұл жеке кәсіпкерлік субъектісі және оның қожайындары сығымдалған газ сатумен айналысқан.


Өрт ошағын ауыздықтау үшін бір сағаттан астам уақыт кетті, оның барысында Шымкент ТЖД тиесілі 21 техника мен 90 адам жұмылдырылды.


Бұл соңғы екі тәулік ішінде болған газ толтыру стансаларындағы екінші жарылыс. Естеріңізге сала кетсек, 5 маусымда «Қызылорда Газ» ЖШС газ толтыру стансасында автобусқа газ құю кезінде жарылыс болды. Ол кезде өрт болмады, бір адам зардап шекті.


Осы оқиғаларға байланысты газ және газбен жабдықтау саласындағы Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ көптеген сауалдар келіп түсті. Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, жарылыс болған газ құю стансалары және ондағы жабдықтардың компанияға еш қатысы жоқ, олардың бәрі жеке кәсіпкерлердің меншігі. Сол себепті стансалардың қызметін және олардың жабдықтарын төтенше жағдайлар комитеті бақылайды.


ҚР ІІМ ТЖК төрағасы Владимир Беккер кеше өткен баспасөз мәслихатында көлікке газ құятын стансаларда заңбұзушылықтар бар, бірақ оларға комитет әсер ете алмайды, себебі бизнесті тексеруге мораторий жарияланған деген болатын.


Техника қауіпсіздігіне сай, сығымдалған газ толтырылған цистерналардың барлығы жер астына көмілуі тиіс. Олай болмаған жағдайда, күннің ыстығында жарылыс ықтималдығы бірнеше есе өседі. Алайда, осындай қауіпке қарамастан, көлікке газ құятын стансалардың қожайындары қауіпсіздік талаптарын орындамай келеді.


ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

 




Көрілген: 653    Пікірлер: 0

жұма, 07.06.2019, 16:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30