Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Газет араласпаса, қазақ сыныбы ашылмай ма?!

16 шілде 2013, 13:53

Жыл сайын жаңа оқу жылының қарсаңында Ал­маты қаласындағы аралас мектептердің қа­зақ сыныбына оқушы қабылдамай, ата-ана­лар­дың редакциямызға хабарласып, шу шы­ғаруы үй­рен­шік­ті жағдайға айналды. Бір емес, бірнеше рет қай­таланып отырған жағдайға кімді кінәлайтының да белгісіз. Елімізде жыл өткен сайын қазақ тілінде бі­лім алуға ынталы оқушылардың қатары жыл санап ар­тып келе жатыр. Тіпті баласын мемлекеттік тілде оқыт­қысы келетін өзге ұлт өкілдері де жетерлік. Бұл түбінде қазақ тілінің өз елінде қанатын кеңге жа­йып, нағыз өз мәртебесіне ие болатынына деген ха­лықтың сенімі болса керек. Әйтсе де осыған қа­рамастан, кейбір білім ордалары басшыларының қа­зақ тілінде білім алғысы келетін балаларды кеу­де­сінен кері итеріп отырғанын қалай түсінеріңді білмейсің.

Түрксібтік мектептер қазақ сыныптарын неге түртпектейді?!
Осыдан үш жыл бұрын Түрксіб ауданына қа­расты №49 жалпы білім беретін аралас мектепке қа­­тысты газетіміздің 28 мамыр күнгі №87 са­нында «Қа­зақ сыныптарын жабу туралы әңгіме қай­­­дан шық­ты?» атты мақала жарық көрген бо­ла­тын.
Редакциямызға хабарласқан бір топ ата-ана: «Тү­рксіб ауданына қарасты №49 жалпы білім бе­­ретін аралас мектептегі қазақ сыныптарын се­беп­­сіз­ден себепсіз жауып жатыр. «Жаңа оқу жы­лынан бастап қазақ бөлімінің 1-сыныбына ба­­лалар қабылданбайды» деген хабарлан­ды­руды мектеп алдына іліп қойған.  Мұндағы қазақ сы­­нып­тарының өзі бір-бір сыныптан ғана, тоғыз жыл­дық болатын. Ашыл­ғанына он шақты жылдан ас­са да, тоғыз жыл­дықтан әрі аспай қойған қазақ сы­ныптарын 11 жыл­дық болар деп күтіп жүр­ге­німізде оның өзін қыс­қартып жатыр. Алдағы уа­қытта 1-сыныптан бас­тап балаларды қа­был­дамау арқылы жыл сайын қазақ сыныптарын азайтып, қазақ бөлімін мүлдем жауып тас­та­мақ­шы», – деп шырылдаған.
Жаңа оқу жылынан бастап қазақ сыныбының 1-сыныбына балалар қабылдамайтынын айт­­қан мек­теп басшысы біздің газетіміздің ара­ла­суынан ке­йін ғана қазақ сыныбына балалар қабылдайтынын жет­кізген. Айта кетерлігі, алға­шын­да «аралас мек­тепті орыс мектебіне айнал­ды­­ру жөнінде жоғарыдан нұс­қау келді» деген мек­теп басшысы, артынан ол сөзінен айнып шыға кел­ген. Білім басқармасы да ешқашан аталмыш мек­тепке ондай нұсқау бер­ме­ге­нін айтып ақ­талған-ды. Қазақ бөліміне оқушы қа­был­дамау ар­қылы аралас мектепті орыс мектебіне ай­нал­дыру жөніндегі ұсыныстың қайдан шыққанын анық­тай алмасақ та, соңында мектеп басшы­сы­ның қазақ сыныбына бала қабылдамау жөніндегі жос­парын жүзеге асыруға жол бермегенімізге қуан­ғанбыз. Артынан мәселе шешілгенімен, ара­лас мектепті қазақ сыныптарының есебінен бір тілді мектепке айналдыру жөніндегі ұсыныстың нақ­ты қайдан шыққанын сол күйі анықтай ал­маған едік.
Биыл тағы да...
Биыл тағы да Түрксіб ауданына қарасты №83 мек­тептің қазақ сыныбына балалар қабылдамай жат­­қаны туралы ата-аналар редакциямызға арыз­­дан­ды.
Рауза, ата-ана:
– Осыдан екі жыл бұрын Түрксіб ау­данындағы ата-аналардың өтініші бо­йынша №83 мектептен қазақ сы­ныбы ашылған болатын. Бұл мектеп – өнер мектебі. Ата-аналар «біздің де баламыз өнерлі болса екен» дег­ен ті­лек­пен жоғары жаққа бірнеше рет хат жа­зып жү­ріп, қазақ сыныптарын әзер аш­тыр­ған болатын. Сол кезде қабылданған ба­лалар қазір 2-сыныпты бітірді. Орыс сы­ныбына биыл бірінші сыныпқа жеті сы­нып, да­йын­дық сыныбына төрт орыс бө­лімін қа­был­дады. Ал қазақ сыныбы толып қал­ды деге­н сыл­таумен қазір қазақ сы­ныбына бала қа­был­дамай отыр. Бергің кел­се, балаңды орыс сыныбына бер дейді. Біз баламыздың қазақ тілінде білім ал­ға­нын қалаймыз. Тү­рксіб аудандық білім бө­ліміне арызданып бар­сақ, қасында тұрған басқа мектептерге берсеңдерші дейді. Не­ге біздің баламыз өнер мектебінде оқы­ма­уы керек?! Сондай білікті, алдыңғы қатарлы гим­назиядағы ба­лалар санын неге 50 па­йыз орыстілді, 50 па­йыз қазақтілді жаса­мас­қа?! Қазір олар қа­зақ бөлімінің да­йын­дық сыныбына бала қа­былдамай, был­­­­тырғы дайындық сы­ныбын бірінші сы­нып қыламыз деп отыр. Олар осылайша бала жоқ деген сылтаумен қазақ сы­нып­тарын жауып тастайды. Рас, қасында қазақ мек­тептері бар. Бірақ олар жай мектептер. Біз баламызды гимназияға, өнер мектебіне бергіміз келеді. Жыл сайын көктемде орыс сыныбына балалар қа­был­дай­мыз деп есік­те­рінің алдына ха­бар­лан­дыру жазады, ал қа­зақ сыныптарын көр­сет­пейді. Себебі ба­ла саны толмады деген сыл­таумен қазақ сыныптарын жауып тас­тауды көздейді. Біздің тілегіміз қазақ сы­ныптары көбейсе екен. Сонда олар бір-бірімен қазақ тілінде сөй­леуге де ұмтылар еді. Сыныпта ғана емес, мектеп ауласында да қазақша сөй­лер еді.
Аталмыш мектепке ата-ананың кейпіне еніп біз де бардық. Мектеп директоры мен орынбасарларын таба алмадық. Вахтада отырған апай «қазақ сыныбына бала қа­был­дамаймыз, тек орыс сыныбына. Қазақ сыныптарына бергіңіз келсе, көрші қазақ мектептеріне барыңыз» деді. Сондай-ақ бүгінгі күні қазақтілді бірінші сыныпқа 37 бала қабылданғанын, одан артық қа­был­дай алмайтындарын жеткізді. Осы мә­се­леге орай Алматы қалалық білім бас­қар­ма­сының бастығына хабарластық.
Рахат ШИМАШЕВА, Алматы қалалық білім басқармасының бастығы:
– Мен бұл мәселені сіздерден естіп тұр­мын. Қазір аудандық білім бөліміне ха­б­ар­ласып, мән-жайды анықтап, қайта ха­барласамын.

Шамалы уақыттан соң Түрксіб ау­дан­дық білім бөлімінің бастығы ха­бар­ласып, былай деді.
Мекебай ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ, Түрксіб аудандық білім бөлімінің бастығы:
– Сіз Рахат Сейдахметқызына хабар­лас­­қан екенсіз. Осы мәселе жөнінде №83 мек­тептің директорымен сөйлестім. 1 та­мызда мектеп директоры еңбек дема­лы­сынан келеді, сосын тағы бір қазақ сы­ныбын ашады.

Айта кетер жайт, Түрксіб ауданында бұл мәселенің бір емес, екінші рет қайта­ла­нып тұрғанына қарамастан, аудандық бі­лім бөлімінің бастығы бұл мәселе жө­нінде мақала жазбауымды өтінді. Тіпті қазақ сыныбын ашу өзінің тікелей міндеті еке­ніне қарамастан, «мен сіздің айт­қа­ныңыздың бәрін орындап отырмын ғой, сіз де бұл жайлы газет бетіне мақала жа­рияламаңыз» деп сілкінді.
Жалпы...
Биылғы жаңа оқу жылының қарса­ңын­да Алматы қаласындағы жалпы орта бі­лім беретін мектептерді санамалап шық­тық.
Максима НҰРИҚЫЗЫ, Алматы қалалық білім басқармасының жалпы орта білім бөлімінің бастығы:
– Биылғы оқу жылының мәліметі анық бол­­мағаннан кейін, былтырғы оқу жы­лы­ның мәліметін бере аламын. 2012-2013 оқу жылында Алматы қаласы бо­йын­ша 163 478 оқушы білім алған. Оның ішінде қазақ тілінде білім алған оқу­шы­лардың саны 73 782 болса, 85 956-сы орыс тілінде білім алған. Ал мектептер са­нына келетін болсақ, Алматы қаласы бо­йынша жалпы са­ны 185 мектеп болса, оның 59-ы – қа­зақ­тілді, 62-сі – орыстілді, 61-і –аралас, 3-еуі – ұйғыр мектебі.

Оңтүстік Астанада әлі де болса орыс мек­тептерінің саны басым болып тұр. Тә­уелсіздік алып, Қазақ елі дербес ел атанып, қа­зақ тіліне үстемдік берілгеніне жиырма шақты жыл болса да, қазақ тілінің кең қа­нат жаюына бірден-бір әсер етер қазақ мек­тептері санының көбеймей отырғаны өкі­нішті. Қазақ тілін үйретудің негізі ба­ла­бақша мен мектептерде қалыптасатынын ескерсек, неге қазақтілді білім ошақтары мен мектепке дейінгі мекемелер санын кө­бейтпеске? Осы орайда «тіпті қазақ мек­теп­терінің санын көбейтуге жағдай жа­са­лып жатыр ма» деген сұрақ еріксіз туы­н­­дайды. Бұған да күмәніміз бар... Мә­се­лен, жыл сайын қаламызда табиғи өсім­мен қатар, ішкі миграция әсері, оның ішін­де күнкөріс қамымен ауылдық жерден қа­лаға көшіп келіп жатқан қазақтілді от­ба­сылардың көптігі байқалады. Ендеше, осыған сай қазақ мектептерінің саны неге көбеймейді? Олардың санын көбейтудің орнына, керісінше, қазақ сыныптарына ба­ла қабылдамай қою секілді жайттардың тір­келіп жатуы қалай? Мәселен, қа­ла­мыз­да­ғы кейбір мектептерде, мысалы, 9-сыныптың алтау-жетеуге дейін жеткенін көріп жүрміз. Ендеше, бір сыныпта 30 ба­ла­ға дейін қысылып-қымтырылып оқып жат­қан қазақ сыныптарын орыс мек­теп­терінің әсерінен неге көбейтпеске?! Ариф­метикаға салып көрсек, өткен оқу жы­лын­да Алматы қаласы бойынша 73782 бала қа­­зақ тілінде білім алса, 85956 оқушы таза орыс тілінде білім алған. 2010 жылы 68 157 бала қазақ тілінде, 89532 оқушы орыс тілінде білім алғанын ес­кер­сек, ста­тис­тикадан жыл өткен сайын қазақ тілінде білім алатын оқушылар санының көбейіп, орыс тілінде білім алатындар қатарының азайғанын байқауға болады. Ендеше, неге қазақ мектептерінің санын көбейтпеске? Бүгінгі күні қазақ мек­теп­терінің саны орыс мектептерінен де, аралас мек­тептерден де аз екенін жоғарыдағы ста­тистика байқатып отыр. Егер қазақ мек­тептері көбейсе, ба­ласын мемлекеттік тіл­дегі білім ошақта­ры­на бер­гісі келетін ата-аналардың саны әлі де бол­са артар еді. Ал­дымен қазақ мек­теп­терінің санын арт­ты­ра алмай отырып, ата-анаға «балаңды неге қазақ сыныбына бер­мейсің» деп рен­жу­дің, ал қазақ баласына «не­ге қазақша сөйлемейсің» деп кі­нә­лаудың реті бар ма?!
Алматы қаласында ғана емес, қазақ сы­ныптарының санын арттыру жалпы елі­мізде өте баяу жүруде. Еліміздегі қазақ мек­тептерінің көбінде оқушы саны қа­лыпты деңгейден артық. Тіпті оқушы са­ны­ның көптігіне байланысты оқушыларын үш ауысыммен оқытып жатқан қазақ мек­теп­тері де баршылық. Оның үстіне, жыл өткен сайын балаларын қазақ мектептеріне бер­гісі келетін ата-аналар санының еселеп өсе түсуі де қазақ мектептеріне деген сұ­ра­нысты өсіре түсуде. Әйтсе де қоғамның бұл сұранысын дер кезінде өтей алмай отыр­мыз. Тіпті іргетасынан бастап жаңадан қа­лап, қазақ балаларына жаңа қазақ мек­те­бін салып бермесек те, бала санын толтыра ал­май отырған орыс мектептері есебінен қазақ мектептерінің санын неге арттыр­мас­қа?! Әсіресе бұл мәселе Солтүстік облыстарға тікелей қатысты.
Дос КӨШІМ, саясаткер, «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы:
– Қазір елімізде қазақ мектептерінің са­­ны жеткіліксіз. Әйтсе де қазақ мектеп­те­рі­не деген сұраныс күн өткен сайын өсіп ба­рады. Баласын қазақ мектебіне бергісі ке­летін ата-аналар санының өсе түсуі де қуан­­тып отыр. Біз халықтың осы ынта-ықы­ла­­сына сай қимылдап, дер кезінде қазақ мек­­тептерінің санын көбейтуге, оларды са­­палық тұрғыдан жақсартуға күш са­луы­мыз керек. Бірақ дәл қазір осыған батыл бет­­бұрыс жасау жетіспей тұр. Мә­се­лен, Рид­­дер қаласында 17 мектеп бар екен. Оның бі­реуі ғана – таза қазақ мектебі. Қал­­­ға­ны­ның барлығы – орыс мектептері. Ал жалғыз қа­­зақ мектебіне қазір балалар сый­­май жа­тыр. Жергілікті атқарушы билік өкіл­­дері «жа­­ңадан қазақ мектебін са­ла­мыз» деген құр уәдемен ғана құтылуда. Өз басым есеп­­­теп көр­ге­нім­де орыс мек­теп­те­рінде 5 мың оқушының орны бос тұр­ға­нына, сол орыс мек­теп­­терін бі­­­ріктіру ар­қылы 16 мектептің ең бол­­ма­ған­да бір-еке­уін қазақ мектебіне ай­­нал­ды­руға бо­латынына көз жеткіздім. Тіпті кей­­бір орыс мектептері 30-40 па­йыз ғана то­­лық. Де­­мек, бізге жаңадан мектеп са­­лу­дан гөрі әлгі жартылай бос тұрған орыс мек­­тептерін қа­зақ мектебіне ай­нал­дыру әл­­деқайда ар­занға түсер еді. Мен өз бе­тім­­ше орыс мек­тептерін біріктіру арқылы қа­зақ мектебіне айналдыруды бала санына қа­рай есеп­те­ге­німде жеті қазақ мектебін ашуға мүм­кін­дік барына көз жеткіздім. Бұл – бір ғана Ри­ддер қаласындағы жағдай. Елі­міздің бас­қа да облыстарындағы мек­теп­терде осын­дай өзгерістер жасасақ, қазақ мектеп­те­рінің санын арттыруға мүмкіндік туар еді. Қа­зір елімізде балаларын қазақ мек­те­біне бергісі келетін ата-аналар қа­та­рының артуына орай, осындай батыл ша­­ра­лар жасалуы керек және ата-ана­лар­дың өті­нішіне қарай қазақ сынып­та­рын то­лас­сыз аша беруіміз керек.