Мәселе

Грузияда қазақстандық бойжеткен жұмбақ жағдайда қайтыс болды

  • Әсел Айтпаева.  © https://24.kz/

    Әсел Айтпаева. © https://24.kz/

Грузияда белгісіз себептерге байланысты 26 жастағы қазақстандық қаза тапты, деп хабарлайды  «Хабар 24».

 

Бұл ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігі мен Грузияның Ішкі істер министрлігі растады.

 

Марқұмның есімі Әсел Айтпаева.

 

Оның немере сіңлісі қыздың ажал құшар алдында құрбысына аудиожазба жіберіп үлгергенін айтты. Онда белгісіз ер адамның қоқан-лоққы көрсеткен даусы жазылып қалған.

 

Сіңлісінің айтуынша, Әсел Айтпаева Грузияға туысқанының шақыруы бойынша уақытша табыс табуға кеткен екен. Бірнеше күн бұрын байланысқа шықпай қалған. Соңғы аудиожазба 5 мамырда келген.

 

Айна Айтпаева, марқұмның сіңлісі:

 

– Басында ешқандай күмән мен күдік болмады. Өйткені шақырған адам туысқанымыз. Екіншіден, ол жақтағылар орыс тілін жетік білетін маманның болмауына байланысты жұмысы жүрмей жатқанын айтты. Ал қазақстандық азаматтар Грузияға көлік сатып алу үшін жиі барады екен. «Грузияда орыс тілінде сөйлейтін адамдар аз, сатылым бойынша кеңес беретін консультант қыз керек» деді. Асығыс шешім қабылдағанамыз да сондықтан. Тбилисиден 20 шақырым қашықтықта жатқан жерге барған. Аудиожазбада грузиялық азамат қызды қалай қорқытып, ұрғаны туралы айтқан. Менің түсінуімше, әпкем қорлыққа шыдамаған сияқты. Нақты білмедім. Мүмкін ол грузиялық азамат көмектескен болар. Кімнің кімге сес көрсеткенін дөп басып айта алмаймын.

 

 

 

 




Көрілген: 941    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.05.2021, 17:49

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30