Мәселе

Грузиядағы қазақстандық арудың өліміне күдікті оқиғаның мән-жайын айтып берді

  • Грузиядағы қазақстандық арудың өліміне күдікті оқиғаның мән-жайын айтып берді

    Грузиядағы қазақстандық арудың өліміне күдікті оқиғаның мән-жайын айтып берді

Грузия бұқаралық ақпарат құралдарында Грузияда көз жұмған Асель Айтпаеваның өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталған Бесик Тордуадан тергеу барысында алынған жауаптың көшірмесін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Эхо Кавказа басылымына сілтеме жасап.

Асель Айтпаева қайтыс болғаннан кейін 20 сағат өткен кезде жүргізілген жауап алу кезінде Бесик Тордуаның айтқан сөздері белгілі болды. 

"Жауап алу кезінде Тордуа сәуірдің басында қазақстандық серіктестерімен бірге" Қазтрансавто" компаниясын құрғанын айтады. Әсел, күйеу баласы Мұрат Мейірбековтің шақыруымен 27 сәуірде Грузияға келіп, соның үйіне қоныстанады. 30 сәуірде Тордуа тергеушілерге қыз оған күйеу баласы оны екі рет зорлағанын мойындағанын, содан кейін Тордуа қызды өз үйіне шақырғанын айтады. Туысынан зәбір көрген Әсел бірнеше күн бойы үйінен шықпай қойған. 4 мамырда Тордуа олардың арасында өзара келісім бойынша жыныстық қатынас болғанын айтады. Жуынатын бөлмеден шыққан кезде Асель пәтерде болмаған", - деп жазады газет.

 
Бесик Тордуаның өзінен алынған жауаптың көшірмесі жарияланған. 

"Мен не болғанын түсінбегендіктен қатты қорқып кеттіи. Дереу балконға жүгіріп барып, төмен қарасам, Әселдің денесі жерде жатыр. Ол байқасызда құлап түсті ме, секіріп кеттіме білмеймін.Бұған қатысты ешнәрсе айта алмаймын. Мен киініп үлгердім. Бәрі бірнеше секундта болды. Әселмен жыныстық қатынасқа түскендіктен, бұл жағдайда күдіктіге айналатынымлы түсіндім. Сонда да төмен түсіп көрдім, тірі шығар деп ойладым.  Асельдің денесі жатқан жер биік қоршаудың артында еді, сондықтан оның жанына бара алмадым. Тек қақпаның артынан тірі ме емес пе деп тыңдап көрдім. Ол жерде екі минутқа жуық уақыт тұрдым. Бірақ Әселдің дауысы шықпады

Осыдан кейін, Тордуаның айтуынша, ол үйіне оралып, заттарын жинап, Зугдиди қаласына кетуге шешім қабылдаған. Ол қызды қорқытпадым, қорламадым, физикалық күш қолданбадым деп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Әсел Айтпаева Грузияда түсініксіз жағдайда қайтыс болды. Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, ол Тбилисиде 9-қабаттың терезесінен құлап кеткен. Өлер алдында ол досына аудио хабарлама жіберіп үлгерді, онда ер адам оған зорлық-зомбылық көрсетемін деп қорқытқанын естуге болады.

Кейінірек Грузия прокуратурасы қыз өлмес бұрын зорланған деп мәлімдеді. Келесі күні қылмысқа күдікті Бесик Тордуа ұсталды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ол 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.




Көрілген: 1130    Пікірлер: 0

жұма, 14.05.2021, 14:34

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30