Мәселе

"Халық арена" спорт кешенінде коронавирустан емделіп жатқан науқастар дәрігерлерге шағымданды

  • "Халық арена" спорт кешенінде коронавирустан емделіп жатқан науқастар дәрігерлерге шағымданды

Алматыдағы "Халық арена" спорт кешенінде коронавирустан ем қабылдап жатқан науқастар дәрігерлерге шағымданды. Науқастар ондағы ақ халаттылардың дәрменсіздігін айтып әлеуметтік желілерге жазған. Ал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы аталған ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Қаладағы "Халық арена" спорт кешенінің жартысы коронавируспен ауыратын науқастарға өткен айда берілген.  Қазір мұнда вирус жұқтырғандар ем қабылдап жатыр. Десе де ғимаратта емделіп жатқан науқастың бірі жағдайдың мәз емес екенін айтып әлеуметтік желіде жазба қалдырған.

 
"Мен Халық-Аренаның "Б" блогындағы нөмірі төртінші бөлімге 12 сәуір күні сағат 16:00-де түстім. Содан бері мені бірде бір дәрігер тексерген жоқ. Өзімді жаман сезінемін. Дәрігерлері дәрменсіз. 70 науқасқа бір дәрігерден келеді", - делінген жазба мәтінінде.

Жазба соңында, науқас өзі жайлы жария етпеуді де өтініпті. Ал қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.  

"Жоғарыда жазылған ақпарат шындыққа жанаспайды. 2021 жылдың 12 сәуіріндегі жағдай бойынша "Халық Арена" ауруханасында 68 науқасқа - 9 дәрігер мен 2 реаниматолог дәрігер бөлінген. Мекеме қызметкерлермен, қосымша ресурстармен, дәрі-дәрмекпен толықтай қамтамасыз етілген. Дәрігерлер тобы стандарттарға сай жұмыс жасауда", - деді ведомствода.

Басқарма өкілдері қажет болған жағдайда ондағы орын санын көбейтеміз деп отыр.

Жалпы қалада қазір жаппай вакциналау жүріп жатыр. Өтініш білдірген кез келген тұрғын ойын-сауық орталығында, тіпті базарларда екпе салдыруда. Ал вакцинациялау ісіне тәжірибиелі дәрігерлерден бөлек, 970 ерікті тартылған.

"Медициналық жоғары оқу орындарымен медициналық колледж білім алушылары қала тұрғындарын жаппай вакцинациялау жұмыстарына белсенді араласуда. Қаламыздың 91 емханасы мен сауда-ойын орталықтарында 364 волонтер мен шақырылған мамандар вакцинация пунктерінде қызмет атқаруда", - деді Алматы қаласы жаппай вакцинациялау штабы еріктілерінің үйлестірушісі Жәнібек Солтанай.

Қазір қалада вакцина салдыруға ниет білдіргендердің қарасы қалың. Мәселен, қалалық жетінші клиникалық аурухана 1000-нан аса тұрғынға екпе салыпты. Дәрігерлер келушілердің бойында үрей бар екенін жасырмады.

"1050 -доза вакцина жасалынды осы поликлиника бойынша. Көбі айтады: "кішкене температурамыз көтерілді". Біреулер "буындарымыз, сүйектеріміз қақсап ауырды" деп айтады. Реакция көрсеткені  - вакцинаның жұмыс істеп жатқаны", - деді №7 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігері Ботагөз Қуантайқызы.

Дегенмен денсаулық сақтау министрлігі қалада індеттен көз жұмғандар санының артқанын мәлімдеді. Осыған орай Алматы облысының Көксу ауданында блок-бекеттер орнатылған. Бірақ оларды қайта алып тастады.




Көрілген: 690    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.04.2021, 11:05

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31