Мәселе

"Халық күмән келтіріп отыр" - Дариға Назарбаева

  • https://kapital.kz/

    https://kapital.kz/

Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева үкімет басшысына сауал жолдап, ауылдарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету мәселесін көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"2020 жылдың нәтижесі бойынша мемлекет Қазақстан Республикасы халқының 98,7% интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етті. Бұл сандардың дұрыстығына сарапшылар да, халық та күмән келтіреді. 510 ауылда Интернеттің жылдамдығы төмен",  - деді Назарбаева мәжілістің жалпы отырысында.

 

Осы орайда ол Nur Otan-ның сайлауалды бағдарламасында 2021 жылы ауыл мектептерінің 80 процентін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету міндетінің жазылғанын еске салды.

 

"Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жылдамдықтың төмен болуының себебі ретінде ауылдық елді мекендерді Интернетпен қамтамасыз ету үшін қосымша қосылуларды пайдалану қажеттігін айтты. Осыған байланысты мына сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймын. Ауылдық елді мекендерде интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз етудің нақты технологиясын қолдану туралы шешім қалай қабылданады және осы технологиялардың айырмашылығы неде?", - деп сұрады Назарбаева.

 

Бұдан бөлек, депутат"соңғы миля" мәселесін түсіндіруді сұрады.

 

"Ауылдық елді мекендерде Интернетке қосылу сапасын тұрақты негізде өлшеу жүргізіле ме және бұл мәселе Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік органының құзыретінде тұр? ", - деді депутат.

 

 

 




Көрілген: 1007    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.06.2021, 15:45

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31