Мәселе

Халық пен билік бір болуы тиіс

  • Халық пен билік бір болуы тиіс

    Халық пен билік бір болуы тиіс

Барыс жылы елімізде дүрбелеңмен басталды. Бейбіт болуы тиіс наразылық митингісінің арты арам пиғылды содырлардың лаңкестік әрекетіне ұласты. Халық арасында алаңдаушылық пайда болды. Осы сәтте ҰҚШҰ-ның ережесіне сәйкес, Президентіміз ұйымға мүше мемлекет басшыларынан еліміздегі жағдайды ушықтырмай, тез қалпына келтіру үшін көмек сұрап, маңызды қадам жасады. Республикамыздағы стратегиялық маңызды нысандарды қорғау мен қызметтерін қалыпты түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында бітімгершілік күштерін енгізіп, содырлар құрықталып, сақтық шаралары жүзеге асырылуда. ҚР Президентінің мұндай шешімі ҰҚШҰ Еуразия кеңістігінде ұжымдық қауіпсіздіктің жалғыз жұмыс істейтін құрылымы болып табылатынына байланысты болды. Қасым-Жомарт Кемелұлының парасатты басшылығымен асырылған тиісті шаралардың арқасында еліміздегі ахуал  қалыпқа тез келді.        

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнап үндеу жасады. Екі ай ішінде халықтың тұрмысын жақсартуға арналған әлеуметтік бағдарлама дайындауға үкіметке арнайы тапсырма берді.  Елде болған күрделі жағдайдың, наразылықтың туу себептеріне тоқталып, сақтық пен еліміздің тәуелсіздігін қорғау үшін шақырылған ҰҚШҰ сарбаздарын  екі күнде қайтуды бастайтынын, он күн ішінде толық қайтатынын мәлімдеді. Бай мен кедей арасын алшақтата түскен олигополияға жол азаятынын, жұмыссыздықты жою жолында  жастарға жаңа жұмыс орындары ашылатынын, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау бағытында техникалық бағыттағы мамандықтарға мән берілетінін айтты. Сондай-ақ бес жаңа жоғары оқу орны, оның ішінде екеуі батыс аймақта ашылатынын, «Атамекен» гранты көлемінің 400 АЕК  –  116 680 теңгеге дейін өсетінін ескертті.

Жемқорлықтың иісі шыққан жерде кез келген істің құлдырайтынын – ЛРТ жобасы сәтсіздігінің себебін көрсетіп, бастаған істі аяқтау қажеттігін, еліміздегі азаматтарға материалдық-моральдық тұрғыдан қолдау көрсету бағытында жеке тұлғаларға қатысты банкроттық туралы заң жобасы дайындалып жатқанын, Қорғастағы кеден жұмысын қадағалау  шарасы  арқылы жеке тұлғалардың жымысқы әрекеттеріне, мемлекет бюджетіне емес, жеке қалталарға түсіп жатқан миллиардтарға тосқауыл қойылатынын сөз етті. Билік басындағылардың, депутаттардың, әкімдердің айлықтары таяу уақытта  өспейтіні туралы, ал бірақ мемлекеттік бюджет қызметкерлері жалақысының көтерілетіні жайлы және қағазбастылық азаятынын айтты. 2025 жылға дейін инфляция дәлізі 3-4 пайыздан аспайтынын мәлімдеді. 

 Жағымды жаңалық пен стратегиялық маңызды игілікті бастамаларға, соны идеяларғы толы Президент үндеуі – халықтың көкейінде жылдар бойы қордаланып жүрген, наразылығын тудырған мәселелерді шешуге арналып, еліміздің экономикасын дамытып, саясаты мен тәуелсіздігін нығайтуға, халқымыздың әл-ауқатын арттырып, материалдық жағдайын жақсартуға бағытталған, елімізді жарқын болашаққа, Қазақстанның жаңа даму кезеңіне бастайтын маңызды құжат.

 

Рахила НАРАЛИЕВА,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

аға оқытушысы




Көрілген: 449    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.01.2022, 19:27

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31