Мәселе

Халықаралық рейстерге билет сатып алмауға кеңес береміз - көліктегі бас санитар дәрігер

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов қазақстандықтарға халықаралық рейстерге билет сатып алмауға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

"Халықаралық рейстер қазір жабық, тұрақты рейстер жоқ", - деді Сәдуақас Байғабылов.

 

Ол Қазақстан тұрғындарын мәселелер туындауы мүмкін екенін айтып, ескертті.

 

"Бір мысал келтірейін. Біз біртіндеп Алматы, Нұр-Сұлтан, Өскемен ішкі рейстерін аштық. Көбі (авиакомпаниялар) ресми рұқсаты жоқ қалаларға билетті сатуға қойды, мұндай оқиға Шымкентте болған. Бір емес, ондаған адам билет алып, әуежайға келсе, жабық, ұшақтар жоқ, сөйтіп наразы болды.

Әуе компаниялары жоқ рейстерге билеттер сатқан. Осындай жағдайға тап болмас үшін халықаралық рейстердің ашылуы туралы ресми ақпаратты күту қажет.

Қазіргі уақытта әуе компаниялары шығаратын рейстерге билет сатып алуға кеңес бермеймін. Сіз ақшасыз да, билетсіз де қалуыңыз мүмкін. Бүгінде Қазақстан мен басқа елдер арасында тұрақты рейс жоқ. Жақын арада ашылмайды", - деді ол.

 




Көрілген: 352    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.06.2020, 18:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Маусым, 10:49
    Той көбейсе, жан қайғы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31