Мәселе

Интернаттағы мүгедек қыздарға "жүкті болмасын" деп спираль салған (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Шымкент қаласының тұрғыны Мамутова Әлия 1-топ мүгедектігі бар қызына зорлық жасалғанын айтып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдады.

 

"Менің қызым Толғанай 1992 жылдан туылғалы 1-топ мүгедегі. Сол мүгедектігіне келе-келе талма кеселі қосылды. Осы талма кеселі қосылғаннан кейін мен игере алмай қалдым. Себебі қыздан кейін екі балам бар, мен жалғызбасты анамын, оларға нан тауып беру керек болды. Қызыма қарайтын ешкім болмады. Мен содан арнаулы мекемелер бар ғой деп қалалық №2 мүгедектер интернатына 2011 жылы алып келдім.

2020 жылдың 8 қарашасында қызымды көруге барсам, қызымның мазасы жоқ. Неге екенін сұрасам, "осы жазда бір ағай дәрігер мен апай "осыдан соң салмаймыз" деп спираль салды" деп сұқ саусағымен көрсетті. Жексенбіде басшылармен жолыға алмадым, сосын Гүлмира есімді психолог келді. Психологтан "спираль салатыны рас па?" деп сұрағанымда "иә, салатыны рас, бұдан басқа 43 қызға салғанбыз, әйтпесе қыздар екіқабат болып қала береді" деді.

Одан ары үстіме мұздай су құйғандай болды. Ол жердегінің бәрі 1,2-топ мүгедегі. Бұлар кімнен және қалай екіқабат болады? Неге олар спираль салады? Оны басқа қыздардың ата-анасы да білмейді, егер қызым айтпағанда менде білмес ем" делінген видеода.

 

Ананың айтуынша, осы жағдайды естіген соң 2020 жылғы 9 қараша мен 19 қараша аралығында қызын алып кетіп, қалалық медицина орталықтарына тексертпек болған, бірақ дәрігерлер карантин деп қайтарып жіберген.

 

"Мен департамментке барып, Оспанова Ботакөзбен бірге 13 адамнан комиссия құрып бәріміз бірге осы мекемеде тексеріс жүргіздік. Сонда 2011 жылы медициналық картасында "қыз" боп жазылған, 2012 жылы спираль салынған деп тұр. Сосын мен 19 қараша күні шағым арыз тастадым. 2020 жылдың 21 қарашасынан тергеу басталды. Осы тергеу басталғалы маған қоғамдық шу көтермеңіз, ешқайда жарияламаңыз" деп ұстап келді. Менің қазіргі тергеуге көңілім толмайды. 3 ай болды тергеу жүріп жатқан жоқ. Шыдай алмаймын бұдан артық. Осы оқиғадан кейін адамдардан сұрай бастадым. Мұндай мекемелерде осындай сұмдықтар бұрыннан болып келген, дәлелдей алмай қалған адамдар да бар. Мен осыны көріп тұрып үндемей отыра алмаймын. Көшеде итті таяқпен зорлағандар сотталып жатқанда, мен неге мүгедек қызымның арын қорғай алмаймын. Неге олар осындай айуандық істейді?" деп шағымданды Мамутова Әлия.

 

 

 

qamshy.kz




Көрілген: 1776    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.01.2021, 16:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31