Мәселе

Интернет-алаяқтар автобөлшек саудасына араласа бастады

  • https://profit.kz/

    https://profit.kz/

Олар арнайы сайттарға жалған жарнама жүктеп, хабарласқан тұтынушыларды құрығына түсіреді. Өкініштісі сол, осылай алданғандар саны күннен-күнге артып жатыр.

 

Ақмола облысына қарасты Ақмол қаласы. Ербосын есімді жергілікті тұрғын көлігіне жарық шам іздеп, бармаған жері жоқ. Өкініштісі сол, ол іздеген бөлшек ел аумағында сирек кездеседі екен. Ақыры оны интернеттен ғана табады. Сатушы аталған бөлшек те, оның қосымша құралдары да бар деп сендірді. Суреттерін жіберді. Сөйтіп, ақшасының жартысын алдын ала төлетті.

 

Ербосын Сержан, жәбірленуші:

 

– Ол маған 3 күнде елордаға жетеді деген. Мен 3 күн күттім. Келмеді. Төртінші күн және тостым. Бесі күні Көкшетауда көлік бұзылып қалды. Сол жерде тұр деді. Жарайды деп, алтыншы күн тағы жоқ. Жетінші күні полицияға арыз жаздым. Тексеріп қараған кезде ол алаяқ біреу екен.

 

Немесе, керісінше болуы мүмкін. Яғни, белгілі бір автобөлшекті сатам деп, жармама саласыз. Оны алатын алаяқ табылады да, ақша жіберу үшін банк карточкаңызды және басқа да жеке мәліметтеріңізді сұрайды.

 

Осы және өзге де интернет алаяқтыққа қатысы бар Целиноград ауданы бойынша жыл басынан бері 7 адам ұсталған. Ал республика бойынша көрсеткіш 7 мыңға жуықтайды.

 

Саят Дүйсембаев, аудандық полиция бөлімі криминалды полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі:

 

- Интернет алаяқтықпен айналысатын күдіктілер хабарласқан кезде өздерінің дербес, құпия кодтарын, банк карточкасының кодтарын бермеуді сұраймыз және өзі көзі жеткенге дейін, тауарды алғанға дейін ешкімге киви әмиянға не болмаса банктік каточкаларға ешқандай ақша жібермеуді сұраймыз. Не тауар сатып алардың алында бейнеқоңырау арқылы хабарласып, солай сатып алуларын сұраймыз.

 

Интернет алаяқтардың күрт көбеюіне заңның жұмсақтығы да себеп. Яғни, күдікті бірінші рет ұсталғанда жәбірленушімен келісімге келіп, емін-еркін кете береді.

 

Тек екінші не үшінші рет ұсталғанда ғана бас бостандығынан айыру қарастырылған.

 

Оның алдын алу мақсатында әртүрлі профилактикалық шаралар ұйымдастырылып тұрады. Бірақ алдын алудың негізгі және тиімді жолы – адамдардың сақтығында дейді полиция қызметкерлері.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 762    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.05.2021, 08:35

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30