Мәселе

"Исі шығып тұрады": Тұрғындарды ішіп отырған суынан айырған монша

  • "Исі шығып тұрады": Тұрғындарды ішіп отырған суынан айырған монша

Алматының «Шаңырақ-1» ықшамауданындағы жұрт 2 аптадан бері тіршілік нәрінен тарығып отыр. Оған себеп ауыл ішінен салынған монша. Тұрғындар телмірген жалғыз құдықтың суын кешеннің қожайындары сұраусыз пайдаланып жатқан көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп.

суАуыл тұрғындары әкімдікке де шағымданғанмен, әзірге базыналарына құлақ түрген ешкім жоқ.


Ықшамаудан құрылғалы орталықтандырылған сумен қамтамассыз ету жүйесі мүлдем тартылмаған.Тұрғындар құдық қазып, 30 жылдан бері өз күндерін өздері көріп келген. Екі аптадан бері ол құдықтың өзіне де зар болып қалды. Ал күніне бір рет келуі тиіс су тасушы көлік кей кездері ат ізін де салмайды.


Жауаптылар мәселені уақытша шешкен сыңай танытқан екен. Десе де, өз күндерін өздері көріп келген жұрт моншаның кесірінен жалғыз құдығымыздан да қағылдық дейді.


"Бұл деген болмайды ғой. Біздің ауыз суымыз. Оның үстіне құбыр – біздің жекеменшігіміз. Ішетін суымыз аяқ-астынан құбырдан жоғалып кеткен кезде ғана оның бойына тексеру жүргізілген. Бұлардың біздің суды әр жерден тесіп, қалай болса солай пайдаланып отырғанын сол кезде білдік", - деп ашынды Алматы қаласының тұрғыны Бибатима Шайхина.


Ауыл тұрғындарының шешімін таппаған жалғыз мәселесі су ғана емес. Мұндағы өзен жағасын қоқысқа толған. Тіпті монша кешенінің барлық қалдық суы осы арнаға қарай ағызылатын көрінеді.


"Шыққан судың бәрі өзенге құйылып жатыр. Химиялық қалдық па, биологиялық қалдық па, білмейміз ғой. Соның бәрін түнімен топырақ төгіп, жаңа келген трактор түзеп кеткен. Бірақ иісі шығып тұр. Мына көше осындай қоқыстың үстіне салынған. Мына жерге де қоқысты төгіп-төгіп, артынан түзеп, тағы да үй салынады", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Болатбек Рахымбаев.


Атқамінерлер бұл жағдайдан хабардар. Айтуларынша, үйлерге судың келмеуіне монша себеп емес. Өйткені, су ұңғымасының тозығы жетіп, ескіргендіктен судың деңгейі азайған көрінеді.


"Қазір тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша екі мәселені қарастырып отырмыз. Біріншісі – қазіргі су ұңғымасын тереңдетіп, тазалап шығару. Жұмыс басталды. Бұған дейін 2017 және 2018 жылдары су құбырлары мен кәріз жүйесі жартылай жүргізілді. Ал келесі жылы толықтай қамтамасыз ету үшін құрылыс жүргізу жоспарланып отыр", - дейді Алатау ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Ертіс Бесіров.




Көрілген: 367    Пікірлер: 0

сенбі, 03.08.2019, 10:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31