Мәселе

Италияда қазақтар мінген өртенген қымбат яхтаның ішкі көрінісі қандай? (видео)

  • Италияда қазақтар мінген  өртенген қымбат яхтаның ішкі көрінісі қандай? (видео)

    Италияда қазақтар мінген өртенген қымбат яхтаның ішкі көрінісі қандай? (видео)

Voice of America-ның хабарлауынша, Сардиния жағалауында, Жерорта теңізінде 50 метрлік яхта өртенген.

Италияның жағалау күзет қызметі Жерорта теңізінде 50 метрлік яхтаның өртеніп, суға батып бара жатқан видеосын жариялады. Жағалау күзет қызметінің хабарлауынша, олар Lady MM яхтасына мінген 17 адамды құтқарған.

Италияның ANSA жаңалықтар қызметі яхта Сардинияның солтүстік-шығыс жағалауындағы Капо Коминодан 96 шақырым жерде өртенгенін хабарлады. Яхтада болған 17 адамның 9-ы экипаж мүшесі болса, 8-і Қазақстаннан келген туристер. Күзет қызметінің айтуынша, яхтадан дабыл түскен соң екі қайық пен вертолет жіберіп, яхтадағы адамдар құтқарылған. Ешкім жарақат алмаған.

 

Басқа ағылшынтілді басылымдар да яхтада ұлты қазақ сегіз адамның болғанын жазып жатыр.

Lady MM яхтасына мініп саяхаттауды анау-мынау қазақтың қалтасы көтере бермейді. Яхтаны 2003 жылы ISA компаниясы салған. Яхтаның дизайнын атақты яхта дизайнері Уолтер Франчини жасаған. Яхта 10 қонақ және 10 экипаж мүшесі сыйдыра алады. Яхтада бір VIP-каюта, бір екі адамдық каюта мен екі адамдық екі каюта бар.Мұндай яхтаны жалға алу құны аптасына 150 мың еуродан басталады. Осыдан-ақ Lady MM яхтасын Италияға қарапайым турист болып баратын қарапайым қазақ мінбегені түсінікті. Яхтаның сән-салтанатты каюталарына қарап, оған теңізде криузбен жүруді әдетке айналдырған ауқатты қазақтар мінгенін аңғарасың. Ал қазір Италия қазақстандықтарды індетке байланысты шекарадан кіргізбейтіндіктен, бұл Италияда өмір сүретін қазақтар болуы әбден мүмкін.

Lady MM яхтасының іші осындай болған. 




Көрілген: 1295    Пікірлер: 0

сенбі, 29.08.2020, 17:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31