Иттерді қорлау оқиғасы: порно түсіру үшін жасаған сияқты

Иттерді қорлау оқиғасы: порно түсіру үшін жасаған сияқты

Елордада бұрын-соңды болмаған зорлық түрі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Хайуанаттарды уақытша ұстайтын изоляторда төрт иттің жыныстық сипаттағы азап көргені анықталды.

 

Төрт аяқтыдан көрмегенді екі аяқтыдан көрген төрт ит қазір еріктілердің қолында ем қабылдауда. Ал жыныстық зорлық көрсетуі мүмкін деген күдіктіні полиция іздеп жатыр.


Елордадағы жануарларды уақытша ұстау изоляторында мыңға тарта ит пен тағы жүз шақты мысық мемлекет есебінен күн көріп жатыр. Оларды бір күзетшісі мен екі қызметшісі арнайы күтіп-баптап отырады. Енді 4 итті адам айтқысыз қорлаған кім екенін анықтау ғана қалып тұр.

 

Бұл жерге көшеде жүрген қаңғыбас ит-мысықтарды аулап әкеп қамайды. Ішіп-жемі мемлекет мойнында. Оған қоса, сәт сайын келіп жағдайын жасап жүрген еріктілер бар. «Төрт итке зорлық көрсетті» деп мәселе көтеріп жүрген жанашырлары да солар.

 

Юлия Педченко, «СтопОтлов» жануарларды қорғау жеке қорының басшысы:

 

- Менің ойымша, қыртыстары бар цилиндр тәрізді затпен иттерге жыныстық сипаттағы зорлық жасаған. Иттердің жарақаттарына қарағанда, солай көрінеді. Оны порнографиялық сипаттағы видео түсіру үшін жасаған сияқты. Ветеринар дәрігерлер де төрт иттен де бірдей жарақат іздерін байқап отыр.

 

Төрт аяқты жасамайтынды екі аяқтыдан көрген төрт ит қазір жанашырларының қолында, ем-дом қабылдап жатыр. Жағдайлары да жаман емес. Күнделікті жейтін тамағы мен жататын орнын бұл кісілер мойнына алған.

 

Ал иттерге қорлық көрсеткен кісінің ісімен полиция айналысып жатыр.

 

Эльмира Шәуленова, Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз хатшысы:

 

- Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті аталмыш оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 316-бабымен жануарларға қатігездік жасау фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. Қазір анық-қанығы анықталуда. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Еріктілердің айтуынша, итқораны бақылап, тұрғындарына жағдай жасап жүргендеріне екі жылдың жүзі болыпты. Содан бері мынадай қорлықты бірінші рет көріп отыр.

 

Жануарларға мұндай зорлық көрсету дерегі елорда полициясында да биыл алғаш тіркелді.

 

ktk.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста