Мәселе

"Жағдай жақсы жасалған": Неге қазақстандық жастар шетелде оқығанды жөн көреді

  • "Жағдай жақсы жасалған": Неге қазақстандық жастар шетелде оқығанды жөн көреді

Қазақстанда білікті мамандардың шетелге кетуі жиілеген. Әсіресе ең қажетті деген мұғалім мен дәрігерлер саны 3-4 еселеп артыпты. Енді мектеп бітіруші түлектер арасында да Ресей оқу орындарына түсушілер көбейген. Мәжіліс депутаттары осы мәселеніп көтеріп, дабыл қақты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Статистика бойынша, жыл өткен сайын білікті мамандардың елден кетуі көбейіп барады. Шетелге кетіп жатқандардың арасында 54 пайыздан астамы жоғары білікті мамандар. Алдыңғы жылмен салыстырғанда кетіп жатқандар арасында техникалық мамандар 5 есе, мұғалімдер 4 есе және дәрігерлер 3 есе көбейген. Енді осы үрдіс мектеп бітірушілер арасында да қанат жайған. Және көбі қазақ ұлты.  

 
"Әсіресе, Қазақстанда лайықты білім ала алмаудың себебі ұлтқа не тілге қатысты емес. Оған дәлел де бар. Ресейге немесе басқа да елдерге білім іздеп кетіп жатқан әрі сонда қалғысы келетін жастардың басым көпшілігі этникалық қазақтар. Оның себебі, біздің елде сырттай оқу түгел жабылған. Ал Ресей ондай мүмкіндікті кеңінен ұсынып отыр", - деді мәжіліс депутаты Сергей Милютин.

Депутаттардың айтуынша, шетелге кететін талапкерлердің 60 пайызы Ресейге барып жатыр. Әрі шетелден қайтқысы келмейтіндер де көп. ҰБТ-дан төмен балл алса, бізде оқуға түсу қиын. Ал Ресейге барса ондай талап жоқ. Оның үстіне сырттан келетін студенттерге Ресей жақсы жағдай ұсынып отыр. Новосібірде төртінші жыл оқып жатқан семейлік Шырын да соған қызығыпты.

"Сізге тұрақты тұрғын үй береміз, қандай жағдай керек, сондай жағдай жасап береміз, ақшалай болса да жасап береміз, тұрғын үй болса да жасап береміз деген сөзі қатты ұнады. Сондықтан осында оқуға, тұруға шешім қабылдадым. Бұл біріншіден. Екіншіден, студенттер сабақ оқумен ғана емес, басқа нәрсемен де айналыса алады. Және де сен басқа да үйірмеде айналысқаныңа саған қаражат төленеді", - деді Алтай мемлекеттік медицина университетінің студенті (Ресей) Шырын Нұртөлеуова.

Талапкерлердің шетелге ағылуы, оның ішінде Ресейге кетуінің себептері бар. Көрші елде тілді түсінеді. ҰБТ тапсырып қиналмайды. Әрі сырттай оқуға түсіп алса, Ресейге барудың да қажеті жоқ. Кейін сол оқуын Қазақстанға ауыстырып алуына да болады. Тағы бір себебі – бәсеке. Ресей оқу орындары жыл сайын қазақстандық талапкерлерді түрлі жолмен өзіне тартып жатыр.

"Қазір Ресейде демографиға байланысты халық саны жыл сайын 300-400 мыңға азайып жатыр. Соған байланысты оларда үкіметте миграциялық саясат қолға алынған. Соның ішінде отандастарды, қандастарды шақыру, оларға жағдай жасау. Бізден барған балаларға, студенттерге қарасаңыздар, грант, стипендия, жатақхана, жұмыс орны, азаматтық. Басқа студенттерге ондай жеңілдік жоқ", - деді  ҚР ЖОО қауымдастығының президенті Рахман Алшанов.

Осыған қарап отандық оқу орындарында студент азайып қалды деуге де болмайды. Тіпті жыл сайын артып барады. Дегенмен талапты жастардан айрылмас үшін сырттай оқуды заң жүзінде қайтадан енгізуді қарастырылып жатыр.

Депутаттар көтерген тағы бір мәселе: қазақстандық студенттер Ресейге ағылып жатқанда біздің ел сырттағы қандастарымызды оқуға қабылдауға құлықсыз. Былтыр мыңға тарта шетелдегі қандасымыз Қазақстанда оқуға мүмкіндік алған. Бірақ сол мүмкіндігі зая кетейін деп тұр. Себебі, Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ны онлайн өткізуге қарсы. Ал елге келіп тапсырайын десе, пандемия кесірінен шекара жабық.




Көрілген: 683    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.04.2021, 11:13

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30