Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жалаң есеп пен жалған ақпараттың соңы тарихта болмаған сорақы жағдайға алып келді - Әлихан Смайылов

20 желтоқсан 2022, 11:23

Үкіметінің отырысында Әлихан Смайылов энергетикалық объектілер мен жылу желілерінің техникалық жағдайы туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.

 

«Біз қыркүйек айында осы мәселеге қатысты арнайы Үкімет отырысын өткізгенбіз. Сол кезде әкімдіктер жылу беру маусымына сақадай саймыз, дайынбыз деді. Әкімдер ешқандай проблема жоқ деп баяндады.

Алайда жалаң есеп пен жалған ақпараттың соңы тарихта болмаған сорақы жағдайға алып келді.

Екі айдың ішінде екі бірдей ірі апат болды. Риддер мен Екібастұзда. Сонымен бірге Өскемен, Рудный, Теміртау, Семей, Ақтау және Павлодар қалаларының жылу беру жүйесінде де қауіпті жағдайлар орын алды.

Жылу беру жүйелері мен инженерлік желілердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін жағдайды қатаң бақылауда ұстап, шұғыл шараларды қабылдау қажет. Оларды кейінге шегеруге болмайды.

Тексерулер басталды. Өңірлердегі нақты жағдай бұған дейін берілген ақпараттан да нашар болып шықты.

Проблемалар жасырылып келді.

Бөлінген қаржы жеткіліксіз болғандықтан, жаңғырту мен сапалы жөндеу жүргізілмеген.
Станциялар мен желі иелері жеткілікті инвестиция салмаған. Қараусыз жатқан желілердің мәселесі де шешімін тапқан жоқ.

Бізде қыс айлары өте қатал.
Яғни, апаттар бұған дейін де болып тұрды. Бірақ олар саны жағынан да, ауқымы жағынан да мұндай болған емес.

Баспасөз бен әлеуметтік желідегі шағымдарға қараңыздар. Барлық өңірден мыңдаған шағым бар.
 
Бұл бір күннің ғана проблемасы емес. Жылдар бойы қордаланып келді.


Желілердің техникалық жағдайын тексеруді жалғастыру керек.

Әлихан Смайылов Энергетика министрлігіне электр станцияларын тексеруді 2023 жылдың І тоқсанында аяқтауды тапсырды.

Бұл салада қалыптасқан нақты жағдайды білу үшін тексеру жұмыстары сапалы әрі ешқандай бұрмалаусыз, шынайы жүруі тиіс.


Келесі жылдан бастап жылу желілерін жөндеу бойынша ауқымды бағдарлама басталады.

Бірінші кезекте тозу деңгейі 70%-тен асып кеткен жылу желілері ауыстырылады. Мұндай желілер 1600 км.

Екінші кезеңде 4 мың километрге жуық желі жаңартылады.