Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жалған хабар таратып, жазасын алды

05 мамыр 2011, 11:53

Қызылорда облыстық соты «қаладағы наркологиялық орталыққа жарылғыш зат қойылды» деп жалған хабар берген Жанәлі Үсеновті жазаға тартты. 51 жастағы азамат енді екі жылын түрменің арғы жағында өтейтін болды.
Бұл оқиға биылғы жылдың қаңтар айын­да орын алған. Телефон арқылы «әзіл айтқысы» келген әлгі адам сол орталықта ем алып жатқан екен. Елуге келсе де, ес тоқ­тата қоймаған ол әбден «іші пысып» кет­се керек-ті. Қолына ұялы телефонын алып, облыстық ішкі істер департаментінің же­дел-басқару орталығына қоңырау ша­лады. Суыт хабар құқық қорғау саласы ма­ман­дарын тікесінен тік тұрғызды. Облыстық прокуратура, ішкі істер, төтенше жағдайлар және басқа да құзырлы орындардың қызметкерлері орталыққа дереу жетті. Облыстық ішкі істер департаментінің «Ар­лан» арнайы взводының саперлері атал­мыш мекеме орын тепкен үш қабатты ғи­ма­ратты түгелдей сүзіп шықты. Бәрі де бе­кер екен. Ешқандай жарылғыш зат көзге іліне қойған жоқ.
«Әзілқой» азамат басында барлығынан ат-тонын ала қашқан еді. Денсаулығына бай­ланысты оқиғаға түсініктеме бермей­ті­нін айтқан. Алайда оған сот-психиа­трия­лық сараптама тағайындалды. Осының нә­тижесінде оның ақыл-есінің дұрыстығы анықталды.
Оған қарсы қылмыстық іс қозғалып, облыстық сот үкім шығарды. Ел ағасы ата­нар жасқа жеткенмен, ес жинай қой­маған Ж.Үсеновті енді түрме түзей ала ма екен?